Айқынның алғашқы фильмі қанша касса жинады?

Сообщить о проблеме с эфиром

Өткен уик-энд бойынша «Форсаж 9» фильмі көш бастайды. Әйгілі франшизаның көптен күткен жаңа бөлімі, айналымдағы алғашқы аптада 63 млн-нан аса касса жинаған. Режиссер Джастин Лин ұсынған драйвқа толы лентаның бұл жолғы сюжетінде Доминик Тореттоның туған бауыры Джейкобқа қас дұшпан атанбақ.

Отандық киномандар жоғары бағалаған туындылардың тағы бірі - «Адам ашуы» фильмі. Атыс шабысқа толы лента 17 млн-ға жуық кіріс көріп отыр. Джейсон Стэйтем басты рөлді сомдайтын триллер басы-қасы 40 млн долларға таспаланған. Еске салсақ, әйгілі режиссер Гай Ричи таспалаған

Үздік үштікті Айқын Төлепбергеннің «Где мое кольцо?» комедиясы түйіндейді. Айқынның кинопродюсер ретінде таспалаған тырнақалды туындысы 8 млн қаражат жинаған. Лента қос ғашықтың бір күнде бастан кешкен оқиғасын баяндайды. Онда олар бұзақы жігіттердің жоғалып кеткен гауһар тасты жүзігін іздейді. Төлепберген-тегі жары Жұлдызбен басты рөлді сомдаса, Рүстем Жаныаманов, Гүлнар Сильбаева және Құмар Лұқманов сынды танымалдар қосалқы образдарда.