Карантинге қарамастан жыл жағымды жаңалықтарға толы болды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Карантинге қарамастан жыл жағымды жаңалықтарға толы болды. Күллі әлемге танымал «Грэмми» музыкалық марапатына ие болған Иманбек Зейкенов соның бір дәлелі.

Иманбек Зейкенов, хитмейкер:

– Былайша айтқанда, бұл жаңалықты естігенде естен танып қала жаздадым. Бір керемет жағдай болды. Өзімнің қуанышымды сөзбен жеткізе алмаймын. Тіпті білесіздер ме, мен әлі күнге дейін сене алмай жүрмін.

Отандық муызканттардың халықаралық сайыста топ жаруы бұл ғана емес! Домбырашылар Темірлан Олжабай мен Ернат Наурыз Ұлыбританияда өткен халықаралық «Golden Time Talent» фестиваліне қатысып, бірінші орынды еншіледі.

«Ninety One» тобы үшін де биыл жемісті болғандай. Кью-поп ұжым «BBC», «Рейтер» сынды батыстық ақпарат алпауыттарына сұхбат беріп, көпті таңқалтты. Аталмыш бойзбендпен коллаб орнатқан Ирина Қайратовна да үнсіз қалмады! Топ ТМД-ға танымал журналист Юрий Дудьқа сұхбат беріп, екі сағаттық бағдарламаның бас кейіпкері атанды.

Ресейлік жобада төбе көрсеткеннің тағы бірі – отандастарымыз Dose пен Dequine! Еске салсақ, қос орындаушы «Вечерний Ургант» шоуында «Ветер» атты әннің тұсауын кескен еді.

Биыл «iTunes KZ»-чарты жаңа есімдерге толды. Мона Сонгз Валерий Меладзенің 15 жыл бұрын жарық көрген «Салют Вера»-сын қайтадан хитке айналдырса, Akha «Какая ты красивая» трегімен, Colorit «Быстро» композициясы арқылы айтюнстың көшін бастады.

Кино әлемінде де сүйінші хабарлар көп болды! Данияр Алшынов Нью-Йоркте өткен IMDB халықаралық байқауында «Бой Атбая» фильміндегі рөлі үшін «Үздік драмалық актер» номинанациясын еншіледі. Ал Самал Еслямова болса, «үздік аткриса» ретінде Ресейдің ұлттық кинематографиялық сыйлығы «Ника» мүсіншесін алды.

Ал отандық «Bip House» тикток ұжымы «Nickelodeon, Kids 'Choice Awards» марапатын еншіледі! Бүгінде команданың аталмыш желідегі оқырман саны 14 млн-нан асып отыр.

Сондай-ақ, Қазақстандық Софи Манасян «Los Angeles Clippers» баскетбол командасының мерейтойлық ойынын жүргізсе, Аминка Витаминка «Disney» студиясының актрисасы атанды.