Венеция кинофестивалі өз мәресіне жетті!

Сообщить о проблеме с эфиром

 

17 жылдан кейін қайта табысқан Джей Ло мен Бен Аффлек қырағы паппарацидің басты нысанына айналды! Жұлдызды жұптың Венеция кинофестиваліне қол ұстасып келуі, көпшілік үшін күтпеген жәйт.

Ресми түрде ғашығымен халық алдына шыққан Дженнифер Лопестің бұл кешке таңдалған образы да ерекше! Әйгілі әнші «Georges Hobeika» брендінің ақ түсті көйлегін киген. Осылайша, Бен мен Джей Ло Венеция кинофестивалінің «ең әдемі жұбы» атанып отыр.

Ал 10 күнге созылған кинобәйгенің басты жүдесі - «Алтын арыстан» режиссер Одри Диванның «Оқиға» лентасына бұйырды! Әйелдердің құқығын қорғауды күйттейтін картина 1963 жылы Францияда болған оқиғаны баяндайды.

Одри Диван, режиссер:

– Бұл марапат мен үшін «Оскармен» тең. Еңбегіміздің бағаланғанына қуанышытымын. Білесіздер ме мұндай мағыналы туындылар киноиндустрияда көп болуы тиіс.

Биыл қазылар алқасын басқарған Пон Джун Хоның шешімімен, Джейн Кэмпион «Үздік режиссер» атанды. Киногерге жеңіс сыйлаған «Ит билігі» фильмі.

Биыл да, Пенелопа Круз бұл кинофестивальде елеусіз қалмады! Испан елінің жарық жұлдызы «Үздік актриса» аталымына лайық деп танылған. Қазылар алқасына оның «Параллельді аналар» фильміндегі образы қатты ұнаса керек.

Пенелопа Крус, актриса:

– Көп рахмет! Бұл премияда үздік актриса атанамын деп еш ойламадым. Пон Джун Хо мырға сізге рақмет. Ең бастысы мен фильмдегі кейіпкерімнің образына атап айтып кетсем. Маған өзге әлем сыйлаған жоба болды.

Ал «Үздік актер» номинациясы бойынша филипиндік актер Джон Арсильи көзге түссе, режиссер ретінде тырнақалды туындысын ұсынған актриса Мэгги Джилленхол «Жоғалған қыз» картинасымен «Үздік сценарий» аталымы бойынша топ жарды.