Карантин шаралары жеңілдеді! Қазақстандық шоу-бизнес өкілдерінің ендігі жоспарлары қандай?

Сообщить о проблеме с эфиром

 

Иә, карантин – көп әншінің аяғына тұсау болды. Бұған қос қолдап келісетіндердің бірі – Әділжан Омаров. Осы уақытқа дейін концерттік шараларымен күн көріп келе жатқан орындаушы, қаржыдан қысылғанын жасырмайды. «Ақырындап бәрі ашылып жатыр ғой. Ақша түссе ән де жазылады, клип те түсіріледі», - дейді өзі.

Әділжан Омаров, «Rin`Go» тобының әншісі:

– Енді кішкене концерттер пайда болғаннан кейін ақша түскеннен кейін біз әндерді барып жазамыз, аранжировкаларын барып жасаймыз.

Карантинде тығылып тойға шыққан әртістер қаншама. Тіпті айыппұлдан тайынбай, мерекелік шарада жүргенін инстада айқын жариялағандар жетерлік. Қала берді көп әншінің гонорары да аспандап кеткен еді.

Ал табысын тоймен тауып жүрген топтардың бірі «Меломен»: «Бәрін басынан бастап жатырмыз. Карантин көп дүниені өзгертіп жіберді», - дегенді айтады. Олар осы шектеулердің толықтай шешілуін күтіп жүр екен.

Меломен тобы:

– Шындап келсек, карантин енді біраз нәрсе түсіндірді негізінде. Жақындарымыздың, уақыттың да бір қадірін бір дұрыс бағаламайды екенбіз.

Карантинде көп картиналар таспаланған күйі, жарық көрместен мұрағатта сақтаулы тұр. Кинопродюсерлер «Зал толық ашылсын. Лента өзін өзі ақтасын», - дейді.

Ал жүрек жұтқан продюсер – Тимур Бақтыбаев болса, , карантин кезінде тоқтамастан кино түсірген болатын. Тимур тәуекелге барудан қорықпайтынын айтады. Тіпті, «Папа по не воле», «Любовь на миллион» ленталарынан кейінгі «Хотя бы кинода» деп аталатын үшінші туындысын залдардың толық ашылуын күтпей, тұсауын кесуге әзір екенін жеткізді.

Тимур Бақтыбаев, продюсер:

– Екі кином да осы карантиннің кезінде шықты. Енді тәуекелке барып, осы киномызды шығарып, жаман емес Аллаға шүкір, екі кином да өзін ақтады. Енді сол азғантай тапқанымен үшінші киномызға қайтадан салып, түсіріп жатырмыз. Қорқыныш жоқ.