Қырықтан асса да бала сүюге ниетті жұлдыздар кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Қырық алтыға келген Айгүл Мүкей биыл, сәуір айында үшінші сәбиін дүниеге әкелген еді! Отыз жетіден асқан шағында алғаш ана болу бақытын сезінген ол соңғы кездері «кеш жүктілік» жайында жиі жазып жүр. Танымал тележүргізуші: «Бастысы әйелдің денсаулығы, оның қанша жасында сәби сүйетіні маңызды емес», - дейді.

Шоу-бизнесте тар құрсағын кеңейтіп, кештеу ана атанған жұлдыздар жетерлік. Соның бірі – Дильназ Ахмадиева. Әнші қырыққа таяғанда тұңғышын бауырына басқан болатын.

Дильназ Ахмадиева, әнші:

– Өзімді байсалды анамын деп ойлаймын. 39 жасымда босанғандықтан болар, балаға деген жауапкершілікті сезінеді екенсің.

Қырық болмаса да, отыздан асып балалы болған Рано Умарова да әріптесінің бұл сөзін қолдайды. Әншінің пікірінше, әр әйелдің ана атануға физикалық қана емес, психологиялық дайындығы маңызды.

Рано Умарова, әнші:

– Мысалы, мен 20 емес 30 жаста босандым. Қандай да бір қиындықтар болмады, өзімді жақсы сезіндім. Меніңше, керісінше әйелдің жасы ұлғайған сайын, ақылы көбейіп, жүктілікке де жауапкершлікпен қарайды.

Сондай-ақ, отыз үшінде Лиуна да сәби сүйген еді! Өнер иесі әлі де талай бүлдіршіннің анасы атануға қарсы емес. Тіпті, ол 40-тан асқан шақтағы жүктіліктен еш әбестік көрмейді.

Луина, әнші:

– Өз басым 40-қа дейін балаларымды дүниеге әкелемін деп ойламын. Бірақ, егер денсаулығың жақсы болып, мүмкіндік болса, құдай берсе, неліктен жасың кеелгенде сәбилі болмасқа? Меніңше, бұл өте кермет!

Қырықтың екісіне келген Мәдина Сәдуақасова соңғы кездері балалы болғысы келетінін жиі айтып жүр. Еске салсақ, әнші тұңғышын 35 жасында босанған еді.