Элизат Берікова ажырасатыны жайлы алғаш рет сұқбат берді!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Кешью» тобынын келісімшарты бойынша, ұжымдағы қыздарға күйеуге тиюге тиым салынған болатын. Десе де, 2018 жылы Элизат Берікова Баян Алагөзованың қол астынан өз еркімен кетіп, тұрмыс құрған-ды. Әнші болашақ жарымен 7 жыл кездескен екен.

Элизат Берікова, әнші, актриса:

- Бүгін міне сәті түсіп шаңырақ көтеріп жатырмын. Жұмысқа байланысты, келісімшартқа байланысты мен қанша болашақ күйеуіме әрқашанда келесі жылы, келесі жылы, күте тұр, күте тұр деп жеті жыл өтіп кетіпті.

Шаңырақ көтерген жастар сәбилі болуға асығады. Бұл некеде Жәнібек пен Элизаттың екі ұлы дүниеге келеді.

Ал Элизат өнерден алыстамайын деп, 40-нан енді шыққан шақалағын көтеріп, түрлі түсірілімдерге қатысады.

Элизат Берікова, әнші, актриса:

- Енді мен күйеуге шыққаннан кейін аяғым ауыр болды, содан кейін кішкене үйде отырдым. Енді мен боспын. Балаларды енемізге тапсырамыз. Өйткені қазір, 21-ші ғасыр үйде отыратын заман емес, жұмыс істейтін заман сондықтан өнерге қайтып келем.

Бірақ Берікова фильмдерге ұсыныс түскен бойда, сценарийді күйеуімен бірге талқылап, рұқсатын сұрайтын. Тіпті, отағасының айтуымен қыз ұзатып, тойларға да шығып жүрген екен. Алайда, Элизат жарының өзіне қойған қатаң талаптарынан шаршаған көрінеді.

Элизат Берікова, әнші, актриса:

- Көп жерде мен мысалы «жоқ бара алмаймын», «жоқ» деп жүріп-жүріп мен қаншама достарымнан айрылдым. Қаншама жоба-жолдастарымнан айрылдым, қаншама проекттен айрылдым. Көп жерлерде өзі де телефон шалып хабарласып: «Балалары кішкентай, алмаңыздар жұмысқа», - деген сияқты, мен естідім ондайды. Күйеуімнің істеген істерін.

Дәл осы сансыз шектеулер Берікованың ажырасуына себеп болған. Одан бөлек, Элизат жарының көзіне шөп салғанын жазып, көпті таңқалтқаны тағы бар. Талай жыл сахнадан жырақтап қалған Элизат, енді соло әнші ретінде шығармашылығын қайта қолға алуды армандайды.