Отандық кинотеатрларда топ жарған фильмдер тізімі анықталды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Тимоти Шаламе мен Зендея басты рөлді сомдаған «Дюна» лентасы айналымдағы алғашқы аптада-ақ 63 млн-нан аса кіріс көріп, кассалық жиыны бойынша бірінші болды. Еске салсақ, фантастикалық фильмді АҚШ, Венгрия және Канада бірігіп таспалаған.

Режиссер Дени Вильнёвтың бұл туындысы ғарышта болған оқиғаны баяндайды. Онда түрлі ғаламшар тұрғындары бір-бірімен шайқасқа түседі. Ал бұл соғысты тоқтату тек Пол есімді жігіттің қолынан келмек.

Марвелдың жаңа қаһарманы «Шан-Чи және 10 сақина аңызы» 38 млн-ға жуық табыс тауып, екінші сатыға жайғасты. Азиаттық батыр жайлы лентада басты рөлді канадалық актер Симу Лю сомдаған. Басы-қасы 150 млн долларға таспаланған фэнтезиде кейіпкерге жасырылыған 10 сақинаны табу миссиясы сеніп тапсырылады.

Үздік үштікте «Босс-молокососс» мультфильмінің екінші бөлімі. Кішкентай көрерменмен қайта қауышқан анимация өткен уик-эндте 8 млн қаражатқа кенелді. Тыңшы сәбилер туралы туындыда, бұл жолы Тимнің қызы «BabyCorp»-қа қарсы шықпақ.