Billboard чартында тыңдалымы жағынан топ жарған қай тректер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Еске салсақ, Эд Ширан жеке альбомын ең соңғы рет 2017 жылы ұсынған болатын. Содан кейін, өнерпаз тек коллабарациялар жинағын шығарған-ды. Енді, міне оның су жаңа «Bad Habits» атты синглы музыкалық чарттың үшінші орнына жайғасты.

Музыкант, аталмыш әнді дүниеге әкелу үшін талай түн студияда қонғанын айтады. Нәтижесі – тыңдарман жүрегіне жеткендей. Тректің клипы да өзгеше. Онда Эд Ширанды жанкүйер вампир образында көре алады.

Олд-скул әншілер шығармашылғына шындап кіріскен бе дерсіз! Жуырда ғана Дрейк те жаңа жинақ шығарып, тыңдарманды бір шулатқан еді. Оның

Future,Young Thug-пен бірлесе шырқаған «Way 2 Sexy» трегі тізімнің екінші орнында.

Соңғы кездері Джастин Бибер ел аузынан түспей жүр! Музыкалық марапат пен чарттарда өзгелерге дес бермей жүрген ол «Stay» әнімен Биллбордтың көшін бастады. Өнерпаз аталмыш тректі рэпер

Kid Laroi-мен бірге шырқағанын айта кеткен жөн.