Отандық блогерлердің тек бағалы брендттік үлгілерді киетіні рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Соңғы кезде өзін блогер ретінде байқап жүрген Фариза Ескермес брендқұмарлар қатарында екенін жасырмайды! Алайда, сылқым бағалы киімдерден бұрын, қымбат сөмкелердің фанаты.

Фариза Ескермес, актриса:

- Сумка менің комнатамда, менің үйімде гардеробымда сумка өте көп. Сумкаларды жаман жақсы көремін. Бәрі брендтегі сумкалар. Арзан сумкаларды алмаймын. Сол кезде Венера деген жаңағы әлем саған ренжімейді. Сол кезде сенің жолың ашылады. Сол кезде сен өз өзіңе ақшалай жолды жаппайсың. Сол кезде керісінше келеді ол.

Осылайша, экс-Джейрандық бикеш бұл қалауын астрологиямен байланыстырады екен.

Контент арқылы тапқан қыруар қаржысын киімге жұмсайтын жігіттер де жетерлік! Мәселен, «Baha Puper»-дің желідегі фотосын ақтарып отырып, еріксіз брендтік үлгілеріне көзің түседі. Блогер: «Адам көркі шүберек», - деген пайыммен толықтай келіседі.

Baha Puper , блогер:

- Самый главный көрген кезде көңілімнен шықса болды. Хоть ол 1000 теңгелік зат болсын. Хоть ол 100 мың теңгелік зат болсын. Самый главный маған тұрса болды. Өйткені маған көп киімдер тұрмайды да и көп іздеймін. Сол үшін бір көргеннен ұнаса болды ала беремін. Бағасы маңызды емес.

«Бір үлгі ұнаса болды, бағасы маңызды емес», - дейтіндердің тағы бірі – Жігер Ауыпбаев. Алайда, әнші брендтік киім киюге де қыруар қаржы керек екенін жақсы түсінеді.

Жігер Ауыпбаев, әнші:

- Бар нәрсені киіп, егерде болып жатса, барып алатын киімімді аламын, өзіме жарасымды. Кейбір жаңағыдай брендтар ұсынып жатса жарнама нелер ондайды киюге қарсы емеспін.

Еске салсақ, брендқұмар танымалдар көшін Ерке Есмахан, Назым Әбілдина мен блогер «Damelya sweet» бастайды. Бикештер, бағалы заттар алып қана қоймай, әрдайым оны сторисында көрсетіп отыруды ұмытпайды.