Абай Асылхан жары Жанель Мақажанның арқасында танылғаны рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Жанель Мақажан мен Абай Асылханның махаббат хикаясы көпке мәлім. Инстаграм арқылы әр қадамын жария етіп отыратын жұлдызды жұп неке қию, сырға салу, құдалық сынды маңызды күндерін де қалт жібермей оқырмандарымен бөліскен еді.

Жанель Мақажан, актриса:

- Біздің жағдайда, басқаларына қарағанда бөлектеу. Көбінде бізден мотивация алып жатады. Жалпы біздің махаббатымыздан енді білесіз ғой біздің отбасымыз ерекше. Бәріне ұқсай бермейді сондықтан көбісі енді бізге қарап бір күш жігер жинап жатса неге көрсетпеске.

Оның үстіне: «Жұп ретінде контент ұсыну, аудиториямызды кеңейтті», - дейді Жанель. Жұлдызды жанұяның желідегі статистикасы өсіп, бүгінде тіпті Мақажанның күйеуіне деген сұраныс артқан. Еске салсақ, Абай Асылхан мамандығы бойынша кәсіби актер.

Абай Асылхан, актер:

- Актер болу ол менің мамандығым, мен «Қазақ Ұлтық Өнер университетін» актер мамандығы бойынша бітірдім мен мұнда кездейсоқ келген адам емеспін, мен жүрегім жалпы өмірімді өнерге арнаған адаммын.

Бүгінде жұлдызды жанұя толықметрлі картинада бірге түсіп жатыр. Мақажан: «Күйеуі Жанельдің танымалдылығы арқасында әйгіленді», - деген пікірмен келіскісі келмейді.

Жанель Мақажан, актриса:

- Абай өзі жалпы өте өнерлі адам сондықтан ол мен бір жерінде мүмкін себепті болған шығармын. Бірақ өзінің еңбегімен келе жатыр барлық нәрсе.

Абай фильмнен өзге, бүгінде телехикаяларға да шақырту алған. Жанельдің айтуынша, жарының киноиндустрияға бет бұруы өзінің шешемі.

Жанель Мақажан, актриса:

- Енді негізі Абай үйде барлық нәрсені өзі ер адам болып шешеді. Сондықтан енді арасында бір кеңес керек болып жатса мүмкіндігінше айтам, бірақ енді ер адам болғаннан кейін көбінде мен өзіне жүгінемін.