Шетелдік конкурстар арқылы өз елінде танылған әншілер кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Ерлан Байбазаров бірнеше рет отандық «Х-фактор» жобасына қатысқанымен, тек 7 ретінде ғана тікелей эфирге шығуға жолдама алған. Бірақ халық оны «Голос Украины» жобасы арқылы таныды. Тіпті музыканттың өзі де шығармашылығына жаңа дем берген музыкалық сайыстың орны бөлек екенін айтады.

Ерлан Байбазаров, музыкант:

- Шынымды айтсам, бүкіл голостардың ішінен ең мықты ол Украинаның голосы сияқты. Қай жағынан болсын, шоу жағынан да, тәлімгерлер жағынан. Тәлімгермен қатысушының араласуы жағынан. Жалпы музыка жағынан. Сол себептен мен осында келуді армандайтынмын.

Ерлан Байбазаровтан кейін отандасымыз Диляра Дидарқызы да «Голос Украины»-ға қатысып, бағын сынап қайтқан еді. Әнші бұл байқауда финалға жетпесе де, конкурстан үлкен тәжірибе жинағанын айтады.

Диляра Дидарқызы, әнші:

- Менің наставнигім Олег Винник өте керемет адам. Дайындықтар барысында көп кеңес айтады. Маған жәй ғана өлең айтуды емес, жүрекпен айтуды үйретеді.

Әнші Айри де әріптестерінің шетелдік конкурстарға қатысып, тәжірибе алмасқанын қолдайды. «Музыканттың шығармашылығына музыкалық сайыстар оң әсер етеді» - дейді.

Ayree, әнші:

- Себебі, сол байқауда кәсіби вокалдық деңгейің өседі, әртіс ретінде. Мен негізінде сол тәжірибие үшін барам сол байқауларға. Біздің конкурстарға қатысқанмын студент кезімде. Бірақ дегенмен бізде деңгей сондай қатты жоғары емес та, сондықтан қорқыныш болған жоқ сахнада.

Еске салсақ, өнерін шет елде дәлелдей білгендер қатарында Димаш Құдайберген, Әміре, Назима, Сей Мо мен Мона Сонгз секілді өнерпаздарымыз да бар.