Париж сән апталығы! «Chanel 2022» көктем-жаз топтамасын ұсынды, биылғы тренд қандай болмақ?

Сообщить о проблеме с эфиром

Көрсетілім Гран-Пале ғимараты реконструкциялаланып жатқандықтан, «Мүгедектер сарайында» өтті. Бұл жерді Вирджини Виар модельдерді подиумнан суретке түсіруге ыңғайлы деп таңдаған. Себебі брендтің креативті директоры 90-шы жылдардағы сәнбикелер фотографтарға жымиып тұрған кадрларды қайталағысы келген.

Брендтің жанкүйерлері топтамада 1993 жылдың жаз маусымының киімдері қайталанғанын бірден байқады. Себебі Карл Лагерфельд ол кезеңде жағажай образдарына көп көңіл бөліп, ақ-қара түсті бұйымдарды Шанельдің

Виржини Виар да 2022 жылғы коллекциясында қарама-қарсы реңкті көбірек пайдалануға тырысқан. Сондай-ақ, Шанель сән үйінің дизайнерлері биыл ашық-жарқын түсті твид, былғары мен латекстен тігілген киімдерді де сәнге айналдырмақ ниетте. Ал, модельдердің образдары әдеттегідей әр түрлі аксессуарлар мен зергерлік заттармен толықтырылған. Вирджини Виар осылайша «Шанель» мұрасына сілтеме жасай білді.

Кезекті фэшн-шоу көрсетіліміне шоу-бизнес жұлдыздары тақырыпқа сай образ жасақтап келген. Мәселен, Лили-Роуз Депп алтын түсті твидті көйлек, «Blackpink» тобының әншісі Дженни де аталмыш матадан тігілген қызыл киімде болды.

«Chanel» су жаңа топтамасын сән мінберіне шифон көйлектегі сәнбикелердің дефилесімен аяқтады. Дизайнерлер модельдерді жарыққа үздіксіз ұшатын көбелектерге ұқсатуға тырысқан.