Көптен бері ел көзінен тасада жүрген Әбунасыр Серіковтың бүгінгі хәлі қалай?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Сырқат тәнімді емес, жанымды жықты», - деген актер әлі күнге дейін ем қабылдап жүр екен. Анасының қазасынан кейін, тіпті іштей қалың күйзеліске де тап болған.

Әбунасыр Серіков, актер:

– Даже тамақ та іше алмай қалдым. Мынадай кішкентай пиаладағы тамақты да. 85 килограммнан 60 килограммға түсіп қалдым. Қазір енді 60 килограммнан кішкентай бір 12 килограм қосып, міне енді-енді.

1,5 ай үйде ауырып жатып қалған Серіков, кейіннен ел-елді аралап, емші іздеп кетіпті. Себебі созылмалы аурулары сыр беріп, заманауи медицина қауқар білдіре алмаған.

Әбунасыр Серіков, актер:

– Мені районда, бүкіл Қазақстанда Батыстан бастап, Шығыс, Отүстіктен Северге дейін аралап шықтым. Оның бәрін көбісі білмейді. Қай жерде емші бар десе де, уколын да, системасын да, қытайлық еміне де, сынықшыларға да...

Десе де, бүгінде еңсесін тіктеген актер, толықметрлерге образ дайындауға кірісіп жатыр екен. «Жақында тарихи туынды мен тағы бір комедияға кірісеміз. Серіковты танымай қаласыздар», - дейді.

Әбунасыр Серіков, актер:

– 20 шақты, 30 шақты предложение болды маған киноға. Менің оған шамам болмады. Денсаулық болмаса, мен қалай киноға түсемін. Сондықтанда маған қазір керемет-керемет сериал емес, «полныйметр» дейді ғой. Кәдімгі көрем фильмдерге уже сөйлесіп қойып жатырмын.

Иә, Әбеке түсірілімі жақында басталатын толықметрлердегі образдарын құпияда ұстап қалғысы келді. Бірақ актер бұл жолы бәрі өзгеше болатынын да айтып қалды.