Қазақстандық өнер өкілдері қандай студент болды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Ұлттық университетті қызыл дипломға аяқтаған, бүгінде блогерлікті бір кісідей меңгеріп алған – Жансерік Қадырбаев студент кезінде озат оқушылардың қатарынан болыпты. Сонымен қатар, Қадырбаев сол кезден бастап, тек сабақпен шектеліп қалмау керек екенін түсінген.

Жансерік Қадырбаев, блогер:

– Менде енді нақты мақсаттар болды өмірге деген. Нақты жоспарлар. Біз өзіміз пысық болатынбыз. Отличницалармен, старосталармен күшті араласатынбыз. Тапсырманы бірден сол сабақта оқып алып, айтып беру жағын апайға қатыратынбыз.

Өзінің «Балмұздақтар» кешінде, өзге оқу орнында ән салған Мирас Жүгінісовтің колледждегі атағы мықты болған. Жүгінісовтар әулеті теледидардан шығып, гострольдік сапарлармен жиі жүретіндіктен, ұстаздары Мирасқа түсінікпен қараған екен.

Мирас Жүгінісов, әнші:

– Музыкальный колледж болғандықтан, ол жақта более свободно қарайды бізге. Сенің өнерде, сахнада қалай жүріп жатыр сенің еңбегің көрініп жатыр ма, өзіңнің әндерің шығып жатса олар қуана-қуана сені түсінеді.

Ал Тұрар Ыдырыстың студент кезден ұйымдастырушылық қасиеті қатты дамыған. Кез келген кеш Тұрардың қолынан өтетін болыпты. Осы белсенділігінің арқасында, ұстаздары да әншіні қатты сыйлаған.

2rar, әнші:

– Мен негізі студент кезден посвящение, бірдеңе ұйымдастырып жүргенмін ғой по идее. Содан қалып қалған нәрсе шығар мүмкін. Арман қуып келген студенттерге арналған сыйлығы. Барлығы күшті ләззат алып кетсе, біз үшін сол бақыт.