Дубляж саласында бақ сынап көруге ниет білдіріп жүрген қазақстандық өнер өкілдері кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Данияр Өтеген де дубляж актері болуға асық әртістердің қатарынан. Бірақ әнші әзірге тек «Disney» картиналарының саундтрегін орындаумен шектеліп жүр. Атап айтқанда, «Ойыншықтар хикаясы», «Мұзды өлке 2» сынды мультфильмдегі әндер Даниярдың даусымен шырқалады.

Данияр Өтеген, «Rin’Go» тобының әншісі:

– Кастингтерге барып жүрмін. Бірақ әрине де дубляжға көбінесе кәсіби актерлерді алады. Себебі әрине де олардың тәжібиесі мол. Жалпы осы жұмыстың қалай жасалатынын нақты біледі сондықтан, енді тәжірбие жинап мүмкін жақын арада бір кастингтан өтіп қалармын.

Голливудтың туындыларын қазақшаға аударуға өз септігін тигізген Іңкәр Әбдіраш: «Дыбыстау дегенді көбі оңай көреді. Ол ой қате», - дейді. Бұл түйінге актриса «Мұзды өлке» мультфильмінде басты рөлдердің бірін дубляждағаннан кейін келген.

Іңкәр Әбдіраш, актриса:

– Сен өз эмоцияңды қосасың, сол кішкентай қорапшада тұрып, микрофонның алдында бүкіл сол кейіпкердің бүкіл эмоциясын жеткізу үшін өзіңнің ішкі жан дүниең арқылы оны сіңіріп қайтадан шығару керек.

Бұл күндері сұраныстағы актерға айналған Қайрат Әділгерейдің негізгі табыс көзі дубляж екен. Тіпті, дыбыстауға қойылған арнайы гонорары да бар болып шықты. Бірақ Қайрат бүгінде басты назарды толықметрлерге түсіріп жүргенге ұқсайды.

Қайрат Әділгерей, актер:

– Гонорар жағына келетін болсақ, барлық жағынан енді тек қана осы әртістер емес, жалпы кез-келген нарықта да гонорар жағы кішкене услуға жағы арзандады да, бірақ баға нарықтағы ол керісінше қарыштап өсіп келе жатыр.

«Формат» тобындағы Гүлсім Мырзабекова, Динара Сұлтан, Балжан Бидаш сынды шоу-бизнес бикештері де, дыбыстау саласында бақ сынап жүр.