Отандық жұлдыздарды экология мәселесі алаңдатуда!

Сообщить о проблеме с эфиром

Талай жыл АҚШ-та тұрақтап, елге оралған Лидоны қаладағы тазалық мәселесі таңқалтқан-ды! Ата-анасының ауласындағы қоқысты көрген өнер иесі, жеркенбестен бірден іске кіріскен болатын.

Lido, әнші:

– Әлеуметтік желі арқылы резонас тудыру арқылы ғана мәселені шешуге болатынын түсінемін. Себебі әртістердің қолында ондай мүмкіндік бар. Мен қоғамның тазалығы үшін уайымдаймын, себебі бұл жерде менің жақындарым тұрады.

Экологиялық мәселеге алаңдаушылық білдіріп жүрген жұлдыздардың тағы бірі – Санжар Мәди. Актер халықты Жапон мемлекетінің тұрғындары сынды қоқысты сұрыптауға үйрету керек деген пікірде. Киногердің өзі болса, күнделікті өмірде бұл әдісті қолдануға тырысады.

Санжар Мәди, актер:

Егер алдағы 1-2 жылда бұл мәселені қолға алмасақ, біздің экология мүлдем құриды. Мысалы, Жапонияда қоқысты өз орнына тастамасаң, айыппұл салынады. Бізге де сондай заң керек шығар.

«Тазалықта өмір сүру үшін, әрбір адам, өзінен бастау керек», - дейді Артур Төлепов. Актер экологиялық жаһандық проблемалар қарапайым қоқыстан басталатынына сенімді.

Артур Төлепов, актер:

– Адамның қоршаған ортасына деген мәдениет деп санаймын да. Оны мысалы сыртта кетіп бара жатып бір бөтелкені былай мусорға лақтырғанның өзі кетіп бара жатып ол да бір дұрыс емес деп санаймын да. Ол түспей қалуы мүмкін, ол ойлауы мүмкін дәл тигіземін деп. Әр адам өзінен бастау керек.

Еске салсақ, Жер Ананының тазалығы үшін атсалып жүрген танымалдар бұл ғана емес. Мәселен, q-pop өкілдері сенбілікке шығып, Алматы қаласының бір ауданын қоқыстан тазалаған болатын. Блогер Асселина болса, еріктілерді ертіп, тауға шығып, жол бойындағы лас заттарды жинаудә әдетке айналдырған.