Айдарбековтар әулетінде орын алып жатқан соңғы жаңалықтар қандай?

Сообщить о проблеме с эфиром

Бүгінде Қайрат Нұртасты өз концертінде көргісі келетін әртістердің қарасы мол. Бірақ білікті продюсер ұлын басқа бір үлкен жобаға сары майдай сақтап отырғанын айтып қалды. «Уақыты жақындасын, жаңалығыммен бөлісемін», -дейді Гүлзира ханым.

Гүлзира Айдарбекова, продюсер:

– Шақыртулар көп. Негізі мен бұрыннан Қайратты көпшілікпен концертке өте аз қатыстырамын. Өйткені өзінің жеке концерттері көп болады ғой. Бір жылда екі мәрте болады кейде.

Айдарбекова шоу-бизнеске енді қадам басып келе жатқан, жаңашыл жастарға да ақылын айтуды ұмытпады. Тіпті продюсер шығармашылық жолы басталған сонау 2000-шы жылдарды тағы бір есіне түсірді.

Гүлзира Айдарбекова, продюсер:

– Қалай бастадыңыз деп сұраған кезде, мен айтқан болатынмын, біз анау ауыл-ауылдың, түкпір-түкпірдің еш қайсысын қалдырмай концерт бердік деп ше. Одан кейін тура сол Қайрат Нұртастікін қайталаймыз деп плакаттарды үйіп-төгіп, афишаларды жасап алып, балалар шыққан болатын. Бірақ енді хит ән болмаған соң, жұрттың жүрегін жаулай алмаған соң ол келмейді ғой концертке.

Көлемді концерттерден бөлек, Айдарбековадан жеке курс сұрайтын ханымдар көйбейіпті. Бірақ өнер өкілі бұл дүниеге түбегейлі қарсы екенін жеткізді.

Гүлзира Айдарбекова, продюсер:

– Негізі көпшілік сұраған. Мен кейде кетіп бара жатсам, 2-3 әйел артымнан келіп, сіздің сабағыңыз болса, біз қатысатын едік деп жатады негізі. Бірақ ойлап қарасам, өте көп болып кетті да. Сол үшін біреудікін қайталағым келмейді шынын айтқанда.

Бүгінде продюсер бар күшін кенже ұлы өнер көрсететін «AlZaBi» тобына жұмсап жүр екен. Аз уақытта ТМД-ға танылып үлгерген құрам 2 жылда 10 шақты хит жазып үлгерген.

Гүлзира Айдарбекова, продюсер:

– Енді олар менің балаларым ғой. Мен оларға продюсермін. Осы Қайраттан кейін алған тобым. Өйткені Заңғарға да кішкене қолдау көрсетуім керек. Негізі олар нағыз шетелге шығатын әншілер ғой негізі. Өлеңдері ағылшын тілінде, орыс тілінде көбіне мысалыға.