Продюсерлер неліктен қазір қоластына жаңа жоба алғысы келмейді?

Сообщить о проблеме с эфиром

Қазіргі таңда «Кешью» тобының болашағы бұлыңғыр. Бірақ, кезінде Қазақстандағы нөмері 1-ші продюсер атанған Алагөзова назарын аудармай жүрген жоба тек бұл емес. Барлық кәсібін уақытша тоқтата тұрған Баян ханым: «Бүгінгі уақыт мұндай кәсіп түрімен айналысуға тиімді емес», - дейді.

Баян Алагөзова, продюсер:

– Бұл бизнесті жалғастыру қазір маған тиімді емес. Өйткені қоластымдағылардың пәтері бар, олардың айлығы, педагог пен вокалы, би, ән жаздыру деген сияқты, бәрі менің мойнымда. Сондықтан тоқтаттым.

Қайрат Нұртастың продюсері әрі анасы Гүлзира Айдарбекова да қарамағына жаңа әнші алуға асықпайды. Қазір ол өнерде тек туған балаларына қолұшын созуға дайын. Әзірге өзгенің шығармашылығын дамытудан бас тартқан Айдарбекованың бұған өз себебі бар.

Гүлзира Айдарбекова, продюсер:

– Қайраттың кезінде мен талай әншілерді Қайратпен қосып алғанмын, бірақ біреудің баласы біреудің баласы, қатты сөйлеп қойсаң өмір бақи жүрегінен кетпейді. Қатты сөйлемесең тағы емін-кетіп қалады да, ұстай алмай қаласың, шақырылған тойға бармай қалады, концерттерге қатыспай қалады деген сияқты.

Алуа Қонарова болса қазір туған еліден жырақта, Түркия мемлекетінде жүр. Бүгінде Қонарова бастаған топтар жетімсіреп жүргенін жасырмайды. Әсіресе «Рензо» тобының мүшесі Дәулет продюсерінің елге тез оралуын қалайтынын айтайды.

Дәулет Өзбеков, «RENZO» тобының мүшесі:

– Бәрі енді шыны керек менің бұл киноға, сериалға келуімнің ол группаның арқасында болды «Рензоның». Сондықтанда мен біздің мамамызға рахмет айтамын, Алуа мамамызға. Турциядан қайтыңызшы, пожалуйста.

Қонарованың қоластындағы «Ринго» мен «Рензо» ұжымдары көптен бері жаңа туынды ұсынбай келеді. Алайда, продюсерлік орталық топтардың жоспары туралы қандай да мәлімдеме жасауға асықпайды. Еске салсақ, одан бөлек жуырда ғана Ерболат Беделхан «ДНА» тобын таратып жіберген еді. Әзірге, кью-поп әкесінің қарамағында тек «Ninety one» бойзбенді.