Жақында құрылған «Crush» team қыз-жігіттері аз уақытта қандай жетістікке жетіп үлгерді?

Сообщить о проблеме с эфиром

Ректа жиі жүретін, видеолары 8-10 миллионға дейін қаралым жинап жүрген «Crush» team Атырау, Ақтау, Астана, Алматылық жастардан құралған. Олардың бәрін бір жерге біріктірген Азамат Асылхан есімді жігіт. «Бүгінде жұмыс қарқынды жүруде. Жаңалық көп», - дейді ол.

Азамат Асылхан, «Crush» team қатысушысы:

– Өзіміздің команда бар. 6 бала, 2 қыздан тұратын, «Crush team» деген. Бұйыртса біз енді бастадық общий аккаунт ашып. Просто бұрын жеке жеке түсіре беретінбіз. Енді 1 ай болды. Жақын арада проекттер өте көп.

3 ай бұрын тиктокқа тіркеліп, ауқымды аудитория жинап алған Айтуған Ғалымов та команда мүшесі. Ол бүгінде Ақан Сатаевтың «Бапкер» телехикаясында бастапқы рөлдердің бірін сомдайды екен. Бір қызығы соңғы кезде Crush team-дықтарға хейт көбейген. «Біз би билеп, трндте жүргіміз келеді. Әбес қылық көрсетіп жатқан жоқпыз», - дейді Айтуған.

Айтуған Ғалымов, «Crush» team қатысушысы:

– Ондай коменттер вообще мимо өтіп кетеді. Білеміз ғой өмірде қандай екенімізді. Отан қорғайтындай шамамыз жетеді. Қазіргі осы бейбітшілік заманда, сондай көңіл көтеретін видео.

Пранктары арқылы «Crush team-ның» негізін қалаушылардың көзіне түсіп, командаға қосылған – Бақытжан Молдашев бүгінде инстада емес, тиктокта белсенді. Тіпті, танымал компаниялар жарнамаға тапсырыс бере бастапты.

Бақытжан Молдашев, «Crush» team қатысушысы:

– Ол деген рекламаға байланысты. Айына бір 300-400 шығып тұрған сияқты. Но енді ол әзірше ғой. Осыдан бір жыл бұрын 91-дің кастингында өнер көрсеткем. DNA деген топ болды.

Ал топтың келесі қатысушысы Алдияр Қуанышев та кино, сериалдарға түсіп әлеужеліден бөлек белсенділігін арттыруға жұмыс істеп жүр. Бірақ Алдиярдың жанкүйерлеріне оның контенті емес, жеке өмірі көбірек қызық. Бірақ: «Басым бос. Бар назар телехикая түсірілімінде» дейді өзі.

Алдияр Қуанышев, «Crush» team қатысушысы:

– Дайректті ашып қалсам, кастинг директор жазады. Кішкентай кезімнен арманым болды киноға түсуге. Шако аға біздің сенсей. Наш учитель. Шаконың арқасында жақсы ойнайтын болдық.