«Портье: мальчик на побегушках» фильмінің тұсаукесері қалай өтті?

Сообщить о проблеме с эфиром

Қуат Хамитов әдеттегідей сегізбұрыш емес, кинопремьераның жұлдызы атанды. Алғаш толықметрде басты рөлді сомдаған спортшы, фильмге арнайы шақырту алған.

Қуат Хамитов, аралас жекпе-жек спортшысы:

– Мен басында білмедім ғой, мен үшін сценарий маған жазылғанын, мен ойладым бір эпизод шығар деп. Кейін кездескен кезде саған жазылған, Сабина екеуің түсуің керексіңдер дегеннен кейін, бірақ енді Сабина күйеуге шығып кетті, содан кейін осы Айжанды мен өзім таңдап, маған жазылған рөл болғаннан кейін мен ойланбастан дал согласие.

Еске салсақ, Қуат Хамитов кезінде Сәбинаға желі арқылы сезімін білдіріп, біраз хайп жасаған еді. Әр қадамы жұрт назарында жүретін спортшыға актерлық мансап қиынға соққан.

Қуат Хамитов, аралас жекпе-жек спортшысы:

– Шыны керек екі күні съемкадан кейін енді не үшін мына киноға түстім, нем бар еді осыған келісім беріп деп өте қатты шаршадым. Таңғы 9-да келесің түңгі 2-ге дейін демалыссыз. Боқтап бәрін айтып, құрсын мені алып тастаңдаршы түспеймін деп сондай енді жылауға баратын кездер де болған.

Ал Қуаттың ғашығын сомдаған Айжан Байзақованың кинода тәжірибиесі болғандықтан аса қиналмаған. Блогер: «Мені бірінші рет сыпайы, қарапайым қыздың рөліне шақырды», - дейді.

Айжан Байзақова, блогер:

– Бұрындары фильмдерде ойнап жүргеннен кейін қиындық болған жоқ, менің кейіпкерім өте қарапайым қыз. Ал мен өмірде мүлдем ондай емеспін.

«Портье: Мальчик на побегушках» фильмі Тимур Бақтыбаевтың таспалаған үшінші картинасы. Продюсер туындыны түсіру үшін 100 мың долларға жуық қаражат жұмсаған. Киногер кассалық табысын, танымал актерлық құрамның арқасында шығарып алатынына сенімді.

Тимур Бақтыбаев, продюсер:

– Қуат пен Айжанды алған себебім, әрине танымалдылығы үшін, екеуі де енді Қазақстанда беделді адамдардың бірі ғой. Адмадардың назарында, сондықтан екеуіне ұсыныс жасадым, екеуі де келісім берді. Киноға түсті, ешқандай ұрыс-керіс жанжал болған жоқ.

Ал шытырманға толы криминалды комедия сценарист жігіт жайлы. Басты кейіпкерді сомдайтын Дәурен Серғазин отельге тұрақтаған қонақтардың қызықты хикаяларын жинау үшін портье болып жұмысқа орналасады. Бірақ шабыт шақырамын деп ақырында зиянды әрекетке әуестенеді.

Олжас Ибраев, режиссер:

– Мысалыға қазір өнер адамдары, особенно жас, поколенияда мысалыға неге жақын, алкогольге жақсы, есірткіге жақсы, біз содан шабыттанымыз деп ойлайды негізі. Актуальный тақырып, бұл қазір біздің социумдарда.

Ал су жаңа комедия 21-ші қазаннан бастап үлкен экрандардан көрсетілмек!