Отандық өнерпаздар фэшн кеште бас қосты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Осылайша, бейнелеу өнері мен сәнді тоғыстырған Лилия Рах келген көрермен фэшн-шоуды тамашалап қана қоймай, философиялық ой түйсін деген екен. Бұл кеште киім үлгілері ғана емес, қылқалам туындылары да саудаға салынды.

Лилия Рах, дизайнер:

– Біз ерекше дүние ұсынғымыз келді. Ол қызық әрі өзгеше болу керек деп ойладық. Бірақ енді ақылға қонымсыз заттар емес, интеллектке негізделуі тиіс. Сондықтан, көріп отырғандарыңыздай мұнда Әсел Мұсақанованың туындылары тұр.

Әдетте фэшн патилерде төбе көрсете бермейтін Жеңісхан Момышев та қадірлі қонақтар қатарында. Режиссерге киім үлгілеріне қарағанда бейнелеу өнері туындылары көбірек ұнаса керек.

Жеңісхан Момышев,режиссер:

– Мен егер өзімнің көңілімнен шығып егер сол картина іздеп жүрген картинам болса әрине сатып аламын. Бұл енді искусство ғой, искусство болғандықтан әр адамның өзінің іздеп жүргені футболкасы болады, курткасы болады сондықтан иә әрине маған қатты ұнаса мен сатып аламын.

Ал модельдерге бұл жолы сән сахнасын эскалаторға алмастыруға тура келді! Әр көрсетілімін перфомансқа айналдырып жүретін Сәкен Жақсыбаев әріптесінің бұл жаңашылдығын оң бағалады. Тақырып та, дизайнердің көңілінен шықса керек.

Сәкен Жақсыбаев, дизайнер:

– Сіздер білесіздер ме, эксцентрика, зияткерлік көбіне киімдер арқылы көрсетіледі. Ал интеллект әр дизайнерде бар қасиет. Әрбір киім сәнгердің ойының жемісі. Сондықтан сәнді зияткерлікпен толықтай байланыстыра аламыз.

Карантиннен кейінгі ауқымды фэшн-көрсетілім көптің көңілінен шыққандай.

Еске салсақ, кеш қонақтары арасынан жақында ғана ана атанған Тамара Асар, продюсер Баян Мақсатқызы да табылды.