Тамара Асар жүктілігін анасынан неге жасырған?

Сообщить о проблеме с эфиром

Тамара Асарға жүктілігін жұрттан жасыру іші шыққанға дейін қиын болмапты. Тіпті, әншінің айы-күні жақындағанға дейін концерттік кештерге қатысқанын білеміз. «Дене бітімімдегі өзгерісті көрсетпуге қазақы кәжекейдің көмегі көп болды», - дейді әнші.

Тамара Асар, әнші:

Басында қиын болған жоқ. Артынан қиын болып бастады, ішім шыға бастағанда. Киімдер сыймай. Кәжекей киіп аламын, қазақтың кәжекейі жақсы ғой. Кеңінен кәжекейлерді көп тіктіріп алып соны киіп жүре бердім.

Осылайша, Тамара Асар бойына бала біткенін білсе де жұмысын тастамаған. «Күнделікті түсірілімдерге баруды тоқтатпадым», - дейді әнші. Сондай сәттердің бірінде әншінің жүктілігін бірінші болып құрбысы Ғалия Байбосынова байқап қойған.

Тамара Асар, әнші:

– Аяғы ауыр кезімде сол бірінші кезеңнен бастап соңына дейін түсірілімде жүрдім. Бір адамға білдіртпей, бірақ бір ғана кісі ол Ғалия Байбосынова сол барлығы өтіп, босанғаннан кейін ауызбастырық деген арнайы сыйлық бердім. Себебі ол ешкімге айтқан жоқ.

Тамара әріптестері тұрмақ, жағымды жаңалығын ет жақынынан да жасырған екен. Сырын анасына айтпай, 9 ай бойы қуанышын ішінде бүгіп келген.

Тамара Асар, әнші:

– Мамамнан да жасырдым, соңына дейін жасырдым. Себебі ол кісі үлкен кісі 80-ге жақындаған. Уайымдайды, қиналып қалады деп, давлениесі бар содан кейін қан қысымы көтеріліп кетер деп соңына дейін былай үйге адам келсе де қашан кетуін тілеп тұрам.

Айдың басында қызының қырқынан шығару рәсімін дүркірете атап өткен әнші шығармашылығын енді қолға алып жатырған көрінеді.

Тамара Асар, әнші:

– Енді жұмысты қарқындап жасап жатырмын деп айта алмаймын. Тау қопарып жатқан жоқпын. Бірақ әйтеуір ойым келген әндерді түртіп қойып бір жоспардағы альбомымызға әндер дайындап жатырмыз. Бірақ асықпаймын. Жәйлап, жәйлап. Ажартайға ән шығардық.

Өміріне үлкен әрі жағымды өзгеріс алып келген Ажартайын Тамара Асар жақсылыққа балайды. Бұл қуанышым өткен өмірімдегі ауыр оқиғаларымды ұмыттыруға септігін тигізіп жатыр дейді әнші.

Тамара Асар, әнші:

– Енді мен өмірді көрген, Құдайға шүкір адамбыз ғой енді әр түрлі жағдайлардан өттік. Олардың қасында бұл қуаныш. Менің бұрыңғы өткен өмірімнен бұл үлкен қуаныш.