Әсел Асқар жарымен қайта қосылғаны рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Биыл мамыр айында, шаңырағы шайқалғанын жұртқа желі арқылы жариялаған Әсел Асқар жанкүйерлерін алаңдатып қойған болатын. Кейін блогер аяғы ауыр екенін айтты. «Енді к жүзін көрмеспін», - деген актриса өткен аптада күйеуімен қайта татуласқанын ресми түрде растады. «Адамдар айта береді. Ешкімге ренжімеймін», - дейді ол.

Әсел Асқар, блогер:

– Бетіме де айтады: сіз екінші рет ажырастыңыз. Не деп ақыл үйретіп отырсыз,-деген. Ит үреді. Караван жүреді деген сияқты.

7 жыл қыз-жігіт болып қол ұстасып, 2018-де шаңырақ көтерген Элизат Берікованың қазіргі таңда жеке өмірі бұлынғыр. Әнші инста парақшасында күйеуіне деген өкпесін ашық жазып, ажырасқысы келетінін хабарлаған болатын. Бірақ бүгінде Берікова бұл мәселеге қатысты жақ ашпайтын болған.

Элизат Беріков, әнші:

– Көп жерде мен мысалы «жоқ бара алмаймын», «жоқ» деп жүріп-жүріп мен қаншама достарымнан айрылдым. Қаншама жоба-жолдастарымнан айрылдым, қаншама проекттен айрылдым. Көп жерлерде өзі де телефон шалып хабарласып: «Балалары кішкентай, алмаңыздар жұмысқа», - деген сияқты, мен естідім ондайды. Күйеуімнің істеген істерін.

Бір жыл бұрын клиптері релиз аларға жақын «Арман мен Аша ажырасты» деген қауесет ел арасында желдей тараған болатын. Бірақ кейін келе екеуі де бұл ақпарды жоққа шығарды. Десе де, олардың араларынан қара мысық жүгіріп өтетін кездер болған екен.

Арман мен Аша, жұлдызды жұп:

– Енді семья болғаннан кейін әр түрлі жағдайлар болып тұрады. Ұрыс та болып тұрады, әр семья секілді. Бірақ, біз әзірше оның бәрін жеңіп шығып жатырмыз. Біргеміз, барлығы жақсы.

Жанұясы үшін жанкештілікке барып, жарымен қайта татуласқан жұлдыздардың арасында: Индира Расылхан, Жарқынай Ханайым сынды өнер өкілдері бар.