Қазақстандық киномандар қай премьераны асыға күтіп жүр?

Сообщить о проблеме с эфиром

«СуперӘгенты» әнші Бүркіттің кинопродюсер ретіндегі үшінші киножобасы. Тараз қаласында 1,5 жыл бұрын түсіріліген туындыда Сека Вайнс, Мейірхан Шерниязов басты рөлді сомдайды. Атыс-шабысқа толы лентаның премьерасы 2022 жылдың көктеміне ғана жоспарланып отыр.

Мейірхан Шерниязов, актер:

– Өзім түскен премьерамды күтіп жүрмін шын айтсам. Иә, өзім «СуперӘгенты» деген кинода басты рөлде түстім. «Депутат» деген кинода басты рөлде түстім. Одан кейін барып жақын арада «СуперӘгенты» екіншісіне түсуіміз мүмкін және әрине де «Патрульдің» айтпақшы полный метр, полнометражды киносын шығарамыз бұйырса.

«Патруль» телехикаясының тағы бір жұлдызы Еділ Анарбай да өзі бой көрсеткен толықметрді асыға күтіп жүр. Актер КВН-шы, сценарист Дастан Қалдыбаевтың «Күшік құда» фильмінде басты рөлдердің бірін сомдайды. Ал Баян Алагөзова, Айым Сейтметова, Асқар Ілисов сынды танымал актерлардың қатысумен таспаланған комедияның тұсауы келері жылы кесілмек.

Еділ Анарбай, актер:

– Жақында кстати «Күшік Күйеу» деген, Дастан Қалдыбаетың киносы шығады. Сол премьераны қатты күтіп жүрмін шынымды айтсам. Өзім түстім бірақ өзім үшін емес, жалпы сол киноның жазылған сценарийі маған қатты ұнады. Маған жіберген кезде, сценарийі қатты ұнады.

«Бизнес по-казасхки в Турции» туындысын да киномандар тағатсыздана тосып жүр. Нұрлан Қоянбаев кезекті франшизасын желтоқсанның 24-ні жоспарлап отыр.

Дәулет Есенбайұлы, блогер:

Мен киноға түскенмін, «Бизнес по-казасхки в Турции» деген киноға түскем. «Бизнес по-казасхки в Турции» соны күтіп жүрмін, мен постоянно көретін көрерменмін ғой. Осы жылы маған бұйырды, съемкасында бір ай жүріп, қасынан Нұрлан ағамыз шақырды.

Ал жақын арада жарық көретін фильмдер тізімінде: Құралай Анарбекованың «Тойханасы», Жанель Мақажанның қатысуымен «Лаборатория счастья» және «Тест драйв» пен «Маша и Дударай» сынды ленталар бар. Сондай-ақ, келер жылы Асқар Бисембин «С Новым годом девчонки» фильмін, Тимур Бақтыбаев «Розыгрыш по-казахски» комедиясын ұсынбақ.