Абайсызда қара пиардың әлегіне ілігіп қала беретін жұлдыздар кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Осыдан екі жыл бұрын Арман мен Аша «Ау жаным» бейнебаянын жарнамалау үшін, «ажырастық» деп желіні шулатқаны есімізде.

Арман мен Аша, жұлдызды жұп:

– Біз әдейі ештеңке жасамаймыз. Бұл хайп та әдейі болған жоқ. Аяқ-астынан шығып кеткен хайп. Солай болып қалды, енді хайп бола берсін. Енді болашақта ойндай хайп болмайтын шығар деп ойламйн. Өйткені ондай хайпты біз қуалаған адам емеспіз, өйткені жеткілікті екеумізге де хайп, Аша өзінің хайпы жетеді.

Тұрмысқа шықтым деп жыл хайпын жасаған, бұзақылықпен үш күн, уақытша ұстау изоляторында отырып шыққан – Айжан Байзақованың өмірі, жұрт алдында айнадай ашық. Бикеш хайпты жақсы көретінін жасырмайды. Тіпті бұл қылығынан қымсынбайтынын да айтады.

Айжан Байзақова, блогер:

– Өзім әлденені жасырын ұстайтын адамдардың қатарынан емеспін. Онда тұрған жаман ештеңе жоқ деп ойлаймын және бұл қасиетті жақсы да демеймін. Әркімнің өз өмірі бар.

Айжан қара хайпты жоспарлы түрде жасаса, Қуат Хамитовта бәрі керісінше болып шықты. Ережесіз жекпе-жек спортшысының өмірінде аз ғана келеңсіз жайт орын алса болды, соңы пиарға ұласып кете береді екен.

Қуат Хамитов, спортшы:

– Хайптың шегі бар. Енді мен өзім хайп жасаймын деп өмірі ештеңе істемеппін. Өзім сондай адаммын да, бірдеңе істесем, бір жерге дұрыс отырмасам, біреуге дұрыс қарамасам, біреуге бірдеңе айтсам да, сол өзі аяқастынан шум болып кетеді. Сол себептен маған да достарым айтады: хайптан мастерсің деп. Мен айтам да, хайп істеп жүрген жоқпын. Әйтеуір сондаймын. Не істемесем де көзге түсіп қаламын.