Айқын Төлепберген A.Z-мен дуэт ұсынбақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Айқын Төлепберген: «Бұрыңғы «Ninety one» мемберінің өнеріне тәнітімін», - деп отыр. Әнші тіпті Азамат Зенкаевқа дуэт жазуға ұсынысты өзі білдірген. Айқын ол үшін реперуарындағы тректің бірін Ерке мен Эйзиге тыңдатқан екен.

Айқын Төлепберген, әнші:

- Қазіргі жас рэперлар өте аз. Енді бір-екі рэперлармен жұмыс істедім. Бірақ қазір стильі ерекше, Эйзи. Сондықтан, Эйзимен әйтеуір осы ән шығу керек деген сондай ой туындады. Эйзиға көрсеттім, екеуі тыңдады, Ерке екеуі тыңдады. Екеуіне ұнады.

Айқын сондай-ақ, концерттік шараларға кірісіп кеткен. Өнер иесі таяуда ғана Түркістан, Ақтөбе қалаларында кішігірім ән кешін өткізді. Төлепберген-тегі: «Карантин жеңілдетілгенімен ауқымды гастрольдік тур жасауға әлі ерте», - деп отыр.

Айқын Төлепберген, әнші:

- Толықтай гастрольдік турымды әлі ашқан жоқпын, Алматы қаласында да әлі жасаған жоқпыз. Себебі қазір ол концертті пландап алып, жасаймыз деп ақша қыруар қаржы салып, ертең қайтадан карантинге жауып тастаса ол, себебі қазір короновирус қызық қой, мысалы қазір Москвада қазір рекорд болып жатыр.

Шығармашылықтан өзге, Айқын бүгінде жаңа үйінің құрылысын бастады.

Эстрада жұлдызы: «Отбасыма зәулім сарай тұрғызамын», - дейді. Еске салсақ, Айқын бұған дейін жанұясымен кішігірім пәтерде қоныстанған болатын.

Айқын Төлепберген, әнші:

- Шығармашылықтан бұрын қазір үй салып жатырмын. Үй сала бастадым, инстаграмнан енді адамдар оқыса енді көрген шығар. Сондықтан қазір үйдің бастың бәрі, бүкіл жұмыстың шаруаның бәрі сол үйде.