Лондонда «House of Gucci» фильмінің премьерасы өтті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бұл күні Леди Гага паппараций алдынан кетуге әсте асықпады! Күлгін түсті көйлегімен көптін назарын аудартқан ол фотографтар алында жалынқұстай жалтырады. Актрисаның образы «Gucci» брендінің күні кеше таныстырлыған су жаңа коллекциясынан екенін айта кеткен жөн.

Леди Гага, актриса:

- Бүгін расымен керемет күн. Киноға келер болсақ, түсірлім өте тамаша өтті! Байқап қарасаңыздар, актерлық құрамның өзі мықты ғой. Картина жаңа тәжірибие сыйлағаны сөзсіз.

Арнаулы жолақта төбе көрсеткен Гаганың өзге әріптестері де актрисадан қалыспады! Киногерлердің барлығы «Gucci»-дің соңғы үлгілерін үстілеріне іліп келген. Олардың сән үйі ұсынған образдарда төбе көрсетуі орынды, оның үстіне белгілі бренд биыл 100 жылдығын тойлауда.

Ал Сальма Хайек кешке алтын көйлегімен жұлдыз атанса, Джаред Лето да премьерада замартас түстес костьюмымен көлеңкеде қалмады. Өнер өкілдерінің мұндай ауқымды салтанатты сағынғаны сөзсіз.

Джаред Лето, актер:

- Фильм арқылы фэшн әлемімен жақсылап таныстым десем болады. Түсірлім командасына рахмет! Бұл фкартина көпке ұнауы тиіс.

Еске салсақ, кіл мықты киногерлердің басын қосқан картина әйгілі сән үйі мұрагері туралы. Сюжет желісіне Сара Гэй Форденнің кітабы негіз болған. Лентада Маурицио Гуччиді әйелі Патриция Реджани қызғаныш кесірінен арнайы тапсырыспен өлтіргені баяндалады.

Қазірдің өзінде, жарыққа шықпастан фильмді «Оскар» алады деп топшылап жатқандар жетерлік. Туындының өзі қараша айының соңы үлкен экрандарға жол тартпақ.