Нью-йоркте «Nightmare Alley» фильмінің тұсауы кесілді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Су жаңа лентаның тұсаукесеріне түсірілім тобы тайлы-тұяғымен түгелдей жиналды! Ұжым арнаулы жолақта суретке түсіп, папарациий алдынан кетуге асықпады. Әсіресе, бұл күні көптің назары Бредли Куперде болды. Алайда, экс-сүйіктісіне ерте келген актер айтулы сәтте әріптесі Руни Марананың жанынан шықпады.

Кейіннін түсірлім тобы залға жайғасып, көрерменнің сансыз сауалына жауап беруге көшті. Еске салсақ, лентада Брэдли Куперге басты рөл бұйырған болатын.

Бредли Купер, актер:

- Түсірлім кезі оңай болды деп айта алмаспын. Алайда, әрқайсысымыз барынша тырыстық. Кейіпкерді шынайы көрсетіп, махаббатпен жұмыс істедік десе де болады.

Еске салсақ, картинаның режиссерлық тізгіні «Оскар иегері» Гильермо дель Тороға бұйырған. Сондықтан-да, нуар жанрындағы драмаға үміт артып отырғандардың қарасы көп. Лента Уильям Линзи Грэшемнің романы желісімен таспаланған. Сюжетке алаяқ-сиқыршы Стэн Карлайлдың құйтырқы ісі негіз болған.

Фильмде Бреди Куперден өзге Кейт Бланшет, Уиллем Дефо сынды голливуд жұлдыздарын басты рөлде байқай аласыз. Лента үлкен экрандарға 17-желтоқсаннан бастап жол тартпақ!