Асқар Бисембин 3 жылдық үзілістен кейін кезекті фильмін таспалауда!

Сообщить о проблеме с эфиром

Асқар Бисембин әдеттегідей комедия емес, драма таспалауды қолға алды. 3 жылдан астам сценарий жазған режиссер, сюжет желісіне шынайы оқиғаларды негіз етіп алған. Онда әке мен баланың қарым-қатынасы мен отбасындағы кикілжің тақырыптары қозғалмақ.

Асқар Бисембин, режиссер:

- Көбісі сене қоймас, бірақ фильмнің идеясы менің қызыма тиесілі. 8 жасында фильм негізі болатын оқиғаны айтқанда, таңқалдым, сол маған шабыт сыйлады, сценарийді жазуға.

Жаңашылдықты жаны қалаған киногер: «Сондай-ақ, лентада көрермен күтпеген образдар болады», - деп отыр. Мәселен, көпшілікке тарихи туындылар арқылы танылған Еркебұлан Дайыров фильмде өзге қырынан ашылмақ.

Асқар Бисембин, режиссер:

Бұл мәселе барлық жерде бар. Мысалы, Еркебұлан Дайыровтың тарихи фильмдерде хандарды сомдағанына көрермен үйреніп қалған. Ал, бұл фильмде ол мүлдем қарама-қайшы рөлді сомдайды. Осылайша ерекшеленгім келді.

Дайыров бас кейіпкердің рөліне арнайы шақырту алған. Актер: «Бұл ұсыныс, таптырмас мүмкіндік», - деп отыр.

Еркебұлан Дайыров, актер:

– Бұрын-соңды ондай бір, сенімсіз азаматтарды ондай кейіпкерлерді ойнап көрген жоқпын. Сондықтан мен үшін өте қызық. Енді көреміз енді бізде енді актерларды бір кейіпкермен көріп қалса, соған шақыра береді, таптаур болып кетеді сосын, өзімізі отырып аламыз да сол актерді жамандап кетеміз, басқа нәрсе ойнай алмайды, колынан түк келмейді деп.

Асқардың кезекті картинасы «Билет из Рая» деп аталады. Драмада фантастикалық элементтер де кездеседі. Мәселен, бас кейіпкердің 20 жыл бұрын қайтыс болған әкесі тіріліп, баласының өміріне араласа бастайды. Ал әкенің рөлі «Жас сахна» театрының актері Марат Амираеқа бұйырған.

Марат Амираев, актер:

– Маған образым бірден ұнады. Алғашында кастингте әкенің де, баласының да образына қатысқан едім. Асқар маған әкесі боласың деді. Бір таңқалғаным, қарапайым оқиғаны фильм ретінде таспалау көп режиссердің батылдығы келе бермейді.

«Билет из Рая» картинасы келер жылы күзге жоспарланып отыр. Ал, оған дейін Бисембиннің «С Новым годом девчонки» және «Суперагент келинка» атты туындылары жарық көруі тиіс.