Фариза Ескермес шоппингқа бір шыққанда қанша мың жұмсайды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Фаризаның әлсіз тұсы, брендтердің жаңа коллекциясы екен. «Шоппинг жасау арқылы энергия аламын. Мына әлеммен көзге көрінбейтін байланыс орнатамын»,-дейді ол. Бәрі әншіге осыдан бірнеше жыл бұрын құрбылары қымбат сөмке сыйлағаннан басталған.

Фариза Ескермес, актриса:

– Сумка менің комнатамда, менің үйімде гардеробымда сумка өте көп. Сумкаларды жаман жақсы көремін. Бәрі брендтегі сумкалар. Арзан сумкаларды алмаймын. Сол кезде Венера деген жаңағы әлем саған ренжімейді. Сол кезде сенің жолың ашылады. Сол кезде сен өз өзіңе ақшалай жолды жаппайсың. Сол кезде керісінше келеді ол.

Ал Жігер Ауыпбаев қымбат дүниелер үшін, қалтасынан қағылатын әртістердің қатарынан емес екен. Сәнді киінетін сері «Өзіме жарасатын киімдерді таңдап жүріп аламын. Бренд деп бас қатырмаймын»,-дейді.

Жігер Ауыпбаев, әнші:

– Бар нәрсені киіп, егерде болып жатса, барып алатын киімімді аламын, өзіме жарасымды. Кейбір жаңағыдай брендтар ұсынып жатса жарнама нелер ондайды киюге қарсы емеспін.

Ал Динара Бақтыбаева бағаға да, басқаға да қарамайды. Актриса көңіліндегіні тапса қуанады екен. Тіпті шоппингқа құндақтаулы баласымен шығып кеткен сәттері болыпты.

Динара Бақтыбаева, актриса:

– Ұнайтын киімімді таппайынша бірнеше күн дүкен аралап жүріп, шаршаймын әсіресе баламен жүргенде. Сағаттап киім іздегеннен гөрі, уақытымды пайдалы іске жұмсағым келеді.

Сәнді әрі қымбат киінуді, бағалы бренд бұйымдарды жаны сүйетіндердің ішінде: Лидо, Баян Мақсатқызы, Динара Сәтжан бар.