Тиктокта тұңғыш рет #қазақстанмәдениеті атты хештег пайда болды!

Сообщить о проблеме с эфиром

#Қазақстанмәдениеті хештегі – еліміздің ерекшеліктерін, құндылықтары мен бай мұрасын дәріптейтін бірден-бір, тұңғыш орта. Жоба жетекшілері ағайынды Азат пен Асхат Халимовтар, аталмыш қоссөзге қол жеткізу үшін жарты жыл қажырлы жұмыс істеген екен.

Асхат Халимов, «BIP house-тың» негізін қалаушы:

– Соның нәтижесінде біз тиктоктың ішінде #Қазақстанмәдениеті деген баннер мен хештегті бастағанбыз. Хештегтің басты мақсаты ол қазақ салт-дәстүрлерін, өнерін, табиғатын және де осы елде қандай тамаша, зиялы болашақ тиктокерлерді ашу үшін бастағанбыз.

Одан бөлек осы #Қазақстанмәдениеті хештегімен бірінші болып, креативті видео түсіргендер жүлделі жарысқа қатыса алады. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталмақ. «Ролик таспалауда еш шектеу жоқ»,-дейді жоба жетекшісі.

Азат Халимов, «Yolo house-тың» негізін қалаушы:

– Негізінде менің кеңесім бар. Барлық жаңа тіркелген тиктокер пайдаланушыларға. Ең бастысы еш нәрседен қорықпаңыз. Сізге ұнаған заттарды түсіріңіз.

Аталмыш хештегке алғаш болып видео түсіргендердің бірі «Yolo house» мүшесі – Жапырақ. Ролик бір күнге жетер, жетпес уақытта миллионға тарта қаралым жинап үлгерген. «Әлі жарыққа шығаратын бірнеше тиктоктарым бар»,-дейді ол.

Аслан Жапырақ, тиктокер:

– #Қазақстанмәдениеті хештегімен таспалаймыз деп, жинап қойған бірнеше идеяларымыз бар. Қаңқасы дайын тұр. Мысалы, ұлттық тағам – етпен түсіруге болады.

Бүгінде жоба жетекшілері, #Қазақстанмәдениеті хештегін барынша тарату мақсатында «Хассак», «Тұран» сынды ұлттық аспапта ойнайтын оркестрлермен коллаборация жасауға кірісіп кеткен.