Қазақстандық шоу-бизнесте бейби бум!

Сообщить о проблеме с эфиром

Желтоқсанның үші күні Саяның отбасында қамшыұстар дүниеге келді. Актриса аталмыш жаңалығын желіде сүйіншілеген болатын. «Баламыздың атын бірлесіп таңдадық. Жарымның қолдауы қатты сезілді»,-дейді ол.

Сая Оразғалиева, актриса:

– Ересек адамдармыз ғой. Бұл қадамға саналы түрде келдік. Кәсібім мен мансабыма бала кедергі болады деп ойламаймын. Үйде де отырып қалу ойда жоқ. Белімді тіктей сала, жұмысқа кірісемін.

Жұрттың сөзіне қарамастан, жарымен қайта татуласқан Әсел Асқар да әне-міне дегенше ұлды болмақ. «Екінші бала жауапкершілікті күшейтеді екен. Бәрі реттеліп жатыр»,-дейді ол.

Әсел Асқар, актриса, блогер:

– Бірінші бала деген ол, ой-санамда да болған жоқ. Өзім де бала болдым ғой. 19 жасар қыз. Не түсініп жатырмын мен. Балам жыласа, бірге жылаймын. Мен өзімді қазақ әйелдерінен өзімнің керемет дейтіндей, бір артықшылығымды көріп тұрған жоқпын. Бір артықшылығым ол мүмкін, мен сыннан қорықпаймын.

Ал жылдың ең тосын жаңалықтарының бірі, 45 жасында ана атанған – Тамара Асар болды. Әнші 21 жылдан кейін өмірге Ажар атты қызды дүниеге әкелді. Тамара неліктен жағдайын, айы-күні жеткенше жасырғанын түсіндіріп берді.

Тамара Асар, әнші:

– Мамамнан да жасырдым, соңына дейін жасырдым. Себебі ол кісі үлкен кісі 80-ге жақындаған. Уайымдайды, қиналып қалады деп, давлениесі бар содан кейін қан қысымы көтеріліп кетер деп соңына дейін былай үйге адам келсе де қашан кетуін тілеп тұрам.

Бүгінде екі қыздың анасы, актриса – Айнұр Ілиясова үшінші сәбиін тағатсыздана тосып жүр. Қыркүйекте гендер пати жасаған ол, әліге дейін нәрестесінің ұл не қыз екенін жұртқа жарияламады. Десе де, толассыз фотосессия суреттері желіде самсап тұр.

Айнұр Ілиясова, актриса:

– Фотосессия жасадым, 2 фотосессия болды. Біреуі жаңағы табиғатта, біреуі студияда. Табиғаттағы фотосессия шықты, инстаграм желісіне салдым. Енді студиядағы фотосесияда желіге шығарамын.

Келер жылы «Вaby boom» жасайтын жұлдыздардан: Баян Мақсатқызының тұңғышы – Айсәуле Бақытбек, блогер Айым Сейтметова, актриса Салтанат Бақаева да бар.

Ал ағымдағы жылы ата-ана атанған атақтылардан: Кентал, Тәуекел Мүсілім, Тимур Балымбетов, Дарикорн мен Дархан бар.