«Ирина Кайратовна» тобын шаң қаптырған кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

«iTunes KZ» көшінде жаңа есім! Отандық ең үздік музыкалық чартта «CAPTOWN» триосы үздік шықты. Хип-хоп орындаушылардың «С любовью» трегі тыңдарман арасында бірден сұранысқа ие болған. Ал аталмыш әннің кеңінен таралуына «TikTok» желісі септігін тигізген-ді.

«Ирина Кайратовна» болса, бұл аптада екінші сатыға жайғасты. Жігіттердің «Отыздан асып барамын» туындысы тыңдарман арасында әлі де өзекті. 2 ай бұрын жарық көрген композицияның бейнебаяны бүгінде «YouTube» платформасында 8 млн-ға жуық қаралым жинаған.

Топ үштікте ТМД-ға танымал Miyagi мен Andy Panda. Музыканттардың «Marmalade» әні 4 айдан бері хит туындылар қатарында. Тректі қос музыкант жас әнші Mav-d-мен бірігіп орындаған еді. Еске салсақ, Mav-d, Miyagi өнер көрсететін «Hajime Records» продюсерлік орталығына таяуда ғана қосылған.