Отандық кинотеатрларда топ жарған фильмдер!

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық кинотеатрларда топ жарған фильмдер тізімі анықталды! Өткен уик-эндтің топ үштігінде «С Новым годом, Девчонки!» картинасы. Режиссер Асқар Бисембин таспалаған жаңа жылдық комедия, айналымдағы алғашқы аптада 26 млн-нан аса кіріс көрген.

Дана Есеева, Сая Оразғалиева, Жәния Джуринская басты рөлді сомдаған туынды құрбылардың достығы жайында.

«Падение Луны» лентасы 37 млн табыспен бокс-офистың екінші сатысында. АҚШ, Канада және Қытай елдері бірігіп таспалаған фантастиканың бюджеті 150 млн долларды құрайды.

Сапалы графикамен әрленген туынды, ғарышта болған оқиғаны баяндайды. Фильм бас кейіпкерлері Холли Берри, Патрик Уилсон орбитасынан шығып кеткен айды құтқару мақсатында күреспек.

Кассалық жиынның көшінде «Қазақша бизнес Түркияда» комедиясы. Нұрлан Қоянбаевтың танымал туындысы алты апта бойы үздіктер қатарынан көрініп, 40 млн қаражатқа кенелді. Сюжет желісі, Стамбұл қаласынан қонақ үй сатып аламын деген Жомарт Қанатұлының алаяқтарға алданып қалуынан бастау алады.