Мәдина Сәдуақасованың бала асырап алуына кім кедергі болды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Мәдина Сәдуақасова туған інісінің баласын асырап алуға ниеттенген екен. Күйеуі мен ұлы әншінің бұл ойын құптаған. Тіпті, жолдасының балаға барлық жағдайды жасайтындығын айтып, балдызына жалынғандығын жасырмады. Алайда, Мәдинаның інісі әпкесінің шешіміне қарсылық танытқан. Еске салсақ, Сәдуақасованың тұрмыс құрғанына биыл 8 жыл толды, оның 7 жасар Әнуар есімді 1 ұлы бар. Әнші ЭКО-ның да көмегіне жүгініп, нәтижесі сәтсіз болып жүргенін айтқан еді.

Ал Мөлдір Әуелбекова экс-жұбайына ренжулі. Күйеуі сыйлаған қымбат автокөлікпен әнші жақында жол апатына ұшыраған еді. Бұрынғы жолдасы зақымданған көлікті жөндету үшін, әншіден 5 млн теңге талап еткен. Әуелбекова, әлеуметтік желідегі жазбасында: «Мәселе 5 000 000 теңгеде емес қой. Мені қынжылтып тұрғаны әуелі «өзің амансың ба, тірісің бе» деп сұрауға шамасы келмегені», - дейді.

Дастан Оразбеков марқұм әкесіне арнаған ерекше клипінің тұсауын кесті. Туындыда әншінің ет жақындарының фотосуреттері көзге түседі, өнер иесі әннің соңын «Әке мен сенің өміріңнің жалғасымын», - деп аяқтаған. Еске салсақ, Дастан өзінің 40 жасқа толу мерекесін кішігірім етіп атап өткен. Өнерпаздың бейнебаянын кешке келген қонақтарға алғаш болып көру бақыты бұйырған екен.