2rar ұйымдастырған концерт қалай өтті?

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, тілші:

- Біз дәл қазір Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайындамыз. 4000 адам сиятын үлкен спорт комплексінде Тұрардың концерті басталады. Қызық болары сөзсіз. Бірге көрейік.

- Жалпы негізі соңғы болған жағдай көңіл-күйіңе әсер етпегеніне қуаныштымын. Қандай жағдай екенін айта кетейін. Негізі бүгінгі концерт open air болып, амфитеатрда өтуі керек еді. Шабытта. Бірақ Балуан Шолаққа ауысты, иә?

2rar, әнші:

- Иә-иә, погода, ауа-райының дұрыс болмауынан, қолайсыздығына байланысты ауыстырдық. Шүкір, енді барлық нәрсенің хайырлысы. Әрбір нәрсеге: «ойбай, мынандай болып қалды» дей берсең болмайды. Барынша көңілді болуға тырысамыз.

- Жалпы техникалық өзгерістерді, қанша билет қосылды, соны айта аласың ба?

- Мұнда келгеннен кейін біз енді 700-дей билет қостық, өйткені ар жақта бізде уже, жоқ, ол жақта 3000 еді, 3700. Қазір мында енді 4000-дай халық бар. 4000, 4000-нан аса. Шақыртулармен 4000-нан аса примерно.

- Айтпақшы, «Мен ешкімді сүймеймін» өлеңі 1 айға жетер-жетпес уақытта өтірік айтпасам, 7 млн просмотр жинады иә? Бұндай реакция күттің бе, негізі?

- Негізі шын айтамын, күткен жоқпын. Бізде Самат деген бауырым бар, барлық жерде айтып жүремін, режиссеры сол клиптың. Идея авторы десек те болады. Біз мына тректі жазған кезде, біз мұнша адамның боль-і деп ойлаған жоқпыз. Бұл қазіргі заманның таза қасіреті екен. Бірақ менің бір қуанатын жағдайым, мен күніне, әлі күнге дейін, күніне неше түрлі смс-тер аламын. 2-3-ші күні енді айтпай-ақ қояйын трек шыққан кезде не болғанын. Мен вообще түсінбей қалдым. Өйткені, маған қандай звоноктар келді, сіз білесіз бе, осыдан бір жыл бұрын ажырасып кеткен адамдар хабарласып, видезвонокпен жылап тұрған кезде күйеуі екеуі біз осы қосылдық. И біз просто айттық, «біздің миссиямыз орындалды» деп.

Сымбат Сағындық, тілші:

- Жанымызда жақында ғана Қазақстан бойынша үлкен турын аяқтаған, енді жас та болса, бас болып жүрген продюсер – Марғұлан Әден. Көңіл-күйің қалай?

Марғұлан Әден, блогер:

- Бәріңе сәлем. Көңіл-күй күшті, өте керемет. Осындай концертті мен уже сағынатын болыппын.

- Не деген әңгіме, иә? Қазақстан бойынша турға түскен адамның әңгімесі ғой?

- Жоқ-жоқ, қызық қой. Атмосфера күшті екен. Келген адамдардың кері байланысын көрген кезде, уже тағы да болса екен, тағы да болса екен деп ойлай береді екенсің дә.

- Енді Мирастың атынан сөйлей алатын бірден бір адамы өзінсің ғой. Мираста қандай жаңалықтар болып жатыр, шығармашылық жағынан?

- Бізде бұйыртса алтысы күні, алтысы күні «Уақыт» дейтін ән шығады. Ол ән өте ерекше ән. Көресіздер, тыңдап көресіздер и клипы да ерекше болады. Ол жерде бір құндылық болады, біз бергіміз келген, айтқымыз келген и сумма бойынша өте жоғары біз үшін бір анандай...

- Айтайық, суммасын айтайық енді.

- Суммасы жеті миллион болды.

- Жеті миллионға клип түсіріп жатсыңдар ма?

- Көресіздер, шынымен.

Сымбат Сағындық, тілші:

- Бүгін қандай әндер орындалады?

Мирас Жүгінісов, әнші:

- Бүгін «Мама» әні, сосын «Зымыран», «Әндетемін», және де Тұрармен бірге «Ойлай беремін» әнін айтамыз.

Amre, әнші:

- Қазақстан бойынша қазір сенің турың жүріп жатыр, иә? Қай қалаларды аралап үлгердің, қай қалаларға барасың?

- Он төрт қала араладық. Әлі бір 7-8 қаладай қалды бұйыртса. Қала, аудан, аралас енді.

- Концерттің ерекшелігі неде енді? Жанды дауыста екені сөзсіз.

- Иә, әрине.

- Тағы қандай ерекшеліктері бар?

- Енді біздің концерт 3 блоктан тұрады. Бірінші – Әмре, сосын – Ернар Садырбаев, менің конкурсный әндерім, халықаралық конкурстарда айтатын. Үшінші блок – Бүркіт. Үш жанрда кәдімгідей концерт өтеді.

Сымбат Сағындық, тілші:

- Жалпы, Аңсаған бізде стендаптан бөлек, бүгінгі таңда Қазақстанның түкпір- түкпірін аралап, тур жағалап кетті. Бұл қазір звезда, бұл көкем. Қалайсың жалпы?

Ansagan, стендапер:

- Жақсы, өздеріңіз қалайсыздар? Күштімін мен, шүкірмін. Шүкір таймдамын.

- Турлар қалай өтті жалпы? Мәскеуге барып келдің.

- Так, турлар өте күшті өтті. Стендаптың туры да, Мирастың туры да прям, прям идеально өтті. Батыс қаласында, Батыстардың, Батысқа бардық, Шымкент, Астана, Алматы. Москвада футбол вообще күшті.

- Біз Москвада жеңдік пе, жеңілдік пе?

- Ну әлі екі, әлі үш ойын бар. Пока белгісіз.

- Дайындық қалай жалпы?

- Дайындық прикольный, потому что, анандай басқаша форматта жүргіземіз бүгін. Бес жүргізуші, и анандай мен бүкіл концертте бір киіммен ұра беретінмін ғой. Бүгін үш киім киемін, а төртеу.

- Арнайы сценарий бар ма, әлде импровизбен ұрасындар ма?

- Ну, анандай самый күшті импровизация ол дайын импровизация дейді ғой. Бізде дайын да импровизация бар, и импровизация тығамыз. Елу де елу.

Сымбат Сағындық, тілші:

– Міне осымен 2 сағатқа созылған кеш те өз мәресіне жетті. Әр әнді қосыла шырқағандарына қарап, көрерменнің дән риза екенін білуге болады. Келесі концертте кездескенше!