ДИДАР КӘДЕН СЕРІК ИБРАГИМОВҚА НЕГЕ РЕНЖУЛІ?

Сообщить о проблеме с эфиром

Айдана Мәулен, тілші:

- Серік Ибрагимов пен рэпер «Bigsher» сіздерге бір сыйлық дайындап жатыр. Ол не екен, қазір бірге білеміз. Ішке кірейік. Мына монитор мен дыбыс ұлғайтқыштардан байқап тұрғандарыңыздай, бүгін жаңа бейнебаянның тұсаукесері өтеді. Әннің аты - «Бір дана».

- Серік аға, «Бір дана» клипінің тұсаукесері құтты болсын!

Серік Ибрагимов, әнші:

- Рақмет-рақмет!
- Көңіл-күйіңіз қалай?
- Көңіл-күйім біртүрлі болып тұр, бұрын-соңды тұсаукесер істеп көрмеппін ше. Сол қалай болады деп тұрмын да. Бірақ ең бастысы бүгін сағат 8-де «Бір дана» әні жарыққа шығады.
- Бірінші рет болып жатыр деп айтып жатырсыз, бұл ұсынысты кім білдірді, «тұсаукесер өткізейік, осылай жасайық» деп?
- «Bigsher».

- Неге Грузияны таңдадыңыздар, неге Батуми?
- Біз барлық жерді көрдік. Енді Стамбулда көптеген клип түсіріп қойған, Дубайда көптеген клип түсіріп қойған. Сосын Батумиды қарадық. Сол жақта Әлішердің жеке бір өзінің клипі болады, менің жеке бір клипім болады. Және «Бір дана» екеуміздің клипіміз болады. Тағы жеке менің бір клипім болады. Сонда 4 клип. Осыдан кейін Батумиға барып клип түсірмей-ақ қойыңыздар.
- Енді қазір көретін боламыз, бірге бағасын береміз. Сіздерге ұнайды деген сенімдеміз, қазір мен Әлішерден сұхбат алайын.

Айдана Мәулен, тілші:

- Ән не туралы?

BigSher, әнші:
- Ән бір дана, бір керемет, екінші бір қайталанбайтын қыз туралы. Біздей жігіттер көп, сендей қыз біреу-ақ деген сияқты мағынада жазылған ғой енді. Әні әзірбайжандық бір композитордыкы, сол жақтағы Мери Юсуф деген атақты әнші айтып жүрген ән. Соны біз сұратып алдық. Қазақша мәтін жазғызып, шығардық. Ұрланбаған, сұрап алынған.
- Ертең плагиат деп жүрмей ме ешкім?
- Плагиат десе дей берсін енді, сұрап алдық қой енді өзіміз главное.
- Осыған дейінгі клиптерде әкімшілік қызметін қоса атқарып жүрдіңіз. Бұл жолы да сондай болды ма?
- Бұл жолы да иә. Мен Серіктің інісі болғаннан кейін, бір жағынан көмекшісі болғаннан кейін, мен әншімін, мен нестейм деген ондай жоқ менде. Мені аға ретінде жұмсай ма, мен істеймін оның бәрін. Ол - менің ағам.

Айдана Мәулен, тілші:

Бүгінгі кешке блогер, әншілер көп келді. Клип оларға ұнады ма жоқ па бірге білеміз.

- Клип ұнады ма? Қарадыңыз ба?

Дидар Кәден, әнші:

- Клиптен бұрын маған ән көңілімнен шықты. Өзімнің бауырларым өңдеуін жасапты. Бірақ өзімнің жаңағы кейбір өкініштерімді айттым, «бүйту керек еді, бүйту керек еді» деп. Ал бейнебаянға келетін болсақ, өте қатты ұнады сапасы. Енді Серіктің өзінің айтуы бойынша 1 аптаның ішінде 4 бейнебаян түсірдік дейді, енді біріншісі осындай болса, қалғандары одан да керемет болады деген үміттемін.

Дана Кентай, әнші:

- Әрине ұнады, өйткені әннің аты – «Бір дана» екен. Сондықтан мен жайында ән деп тыңдағаннан кейін қатты ұнады.

Мерей Абилова, блогер:

- Иә, күшті өте керемет. Шетелде керемет түсріпті, необычно.

Айдана Мәулен, тілші:
- Енді «Бір дана» деген сөздің мағынасын түсіндіңіз бе?

Дидар Кәден, әнші:
- Жалғыз ғана, өзің ғана, сенен басқа ешкім жоқ. Менің әйелім, десең.

Аружан Абилова, блогер

- Әрқайсысымыздың өмірімізде бір рет қана ғашық боламыз. Бір ғана махаббатымыз болады.

Айдана Мәулен, тілші:

- Серік Ибрагимов өзінің клиптеріне, бейнебаяндарына негізінде өнер адамдарын, танымал адамдарды көптеп түсіреді, егер сізге ұсыныс білдірсе, түсесіз бе?
- Мен Серіктің осыдан алдындағы клипіне түстім. «Достарым» деп аталады. Замандағы Әсет, Рамазан Амантай және мен үшеуміз дос болып ойнадық. Бірақ басқа әншілер шақырса, мен Серіктің бір ғана клипіне түспегеніме өкінемін, Артур бүкіл достарым түскен клип бар, Екінші клипке келдім, екі клипке келдім, оған да түсірген жоқ. Өйткені костюмымыз бірдей болып қалды.

Дана Кентай, әнші:

- Менің ойымша білмеймін, блогер қыздар көп сияқты жас деген сияқты. Мені клипке шақырмайтын сияқты Серік.

Анеля Кенжебекова, блогер:

- Бүкіл блогерларды шақырды ғой, сол кезде түскен болатынбыз тоже отрывоктарына. А былай жеке шақырса конечно Серік аға деп па. Қарсы емеспін.

Айдана Мәулен, тілші:
- Міне, «Бір дана» әніне түсірілген клиптың тұсаукесері осылай көңілді өтті. Сіздер тректі барлық платформадан тыңдап, бейнебаянды тамашалап бағасын беріңіздер