ДОСТЫҚ 99 СИТКОМЫНЫҢ ЕКІНШІ МАУСЫМЫ НТК АРНАСЫНДА!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, тілші:

- Аз уақытта көрермен көзайымына айналып үлгерген «Достық 99» ситкомының жақында екінші маусымы эфирге жол тартпақ. Дәл қазір түсірілім жұмыстары жүріп жатыр. Жігіттерді әңгімеге тартып көрейік.

- Міне, түсірілім өте қызу жүріп жатыр. Тіпті біз Еділді ұйқысынан оятып алып, сұқбатқа тартып жатырмыз.

Еділ Анарбай, актер:

- Таңның атысы, кештің батысына дейін осы НТК арнасының көрермендері үшін, тынбай жұмыс істеудеміз.

- Жалпы екінші маусымның ерекшелігі?

- Екінші маусымның ерекшелігі, көптеген персонаждар қосылады. Қызықты-қызықты. Достық 99-да бір үйде 4 бала тұрдық қой, енді біздің көршілеріміз болады. Бірақ қандай көршілеріміз болатынын, оны жобаның эфирдегі барысында тамашалап көріңіздер.

Иә, жобаның актерынан бұрын, көрермені көбейіпті. Ол туралы Берікті ойнайтын, Дәулет Өсербай айтып берді. Тіпті бүгінде көшеде спортшымен суретке түсетіндер де жиілеген.

- Бірінші маусымнан кейін, көрерменнің пікірі қандай болды?

Дәулет Өсербай, актер:

- Өте жақсы. Кәдімгідей көшеде танып жатады: «Сіз «Достық 99-да» түскен жігіт емессіз бt?», - деп. «Иә» деймін.

- Осы сезонда образыңда өзгеріс бар ма?

- Бірінші сезонға қарағанда, екінші сезонда иә, кішкене бар. Оның үстіне бірінші сезонда кішкене жігіттерге үйренісе алмай, сәл-пәл сондай болды. Ал екінші сезонда уже бір-бірімізге үйренісіп кіріп кеттік та кәдімгідей рахат, демалып жүріп түсіріп жатырмыз бір сөзбен айтқанда.

Түсірілімнің қызығына тоймай жүргендердің тағы бірі – Рауан Рамазан. Десе де ол, осы маусымда бөлім санының артуына байланысты, қарбаластың көбейгенін айтады.

- Рауан сәлем! Қалың қалай?

Рауан Рамазан, актер:

- Сәлеметсіздер ме! Қалайсыздар көрермендер? Қалымыз жақсы. Түсірілімдеміз.

- Түсірілім қалай жүріп жатыр?

- Енді бұл дәу жігіттерге жол беру керек. Енді бүгін 3-ші күн түсіріп жатқанымызға. Осы жолы түсірілім өте көп. Өйткені 26 серия түсіріп жатырмыз. Сондықтан таңертеңнен кешке дейін, 1,5 сағат ұйықтап алып, дем алып дальше жұмыс істеп жатырмыз.

- «Екінші маусымда күтпеген тосынсыйлар көп болады», - дейді басты кейіпкерлердің бірі – Рамис Құлахметов.

- Жалпы түсірілім жұмыстары қалай жүріп жатыр?

Рамис Құлахметов, актер:

- Әдеттегідей өте керемет. Мына квартира есіңізде ғой иә? Аха, осы жерге қайтадан келдік. «Достық 99-дың» екінші маусымын жақын арада көріңіздер!

Сымбат Сағындық,тілші:

- Жаңа маусым, жаңа қызықтарға толы болатынын сөзсіз. Тағатсыздана күтетін боламыз. Құрметті көрермен, сіз де күтіңіз