«Қызық премия – 2022» номинаттары белгілі болды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Айдана Мәулен,тілші:

Тик-ток трендтерін түгендеп, шоу-бизнес үздіктері мен ютуб кумирлерін саралап марапаттайтын кеш – «Қызық премия»! НТК арнасынан көрсетілетін үздік шоуда әдеттегідей тосын сыйлар өте көп! Мәселен, «биыл дым істемегендер»! Той қуалап, жаңалық жасамаған жұлдыздарға арналған марапат. Бұдан бөлек, авторлардың айтуынша, «Үздік сериалды» таңдау қиынға соққан.

Марат Оралғазин, Еркебұлан Мырзабек, әзілкеш:

  • Үздіктерді осы жылы қалай сараладыңыздар?
  • Негізі біз халықтың пікірімен санасамыз ғой.
  • «Қызық премия» биыл ұйымдастырылмай қалуы мүмкін деген сыбыстар тарады. Ондай әңгіме қайдан шықты?
  • Ол ақпарат ақшадан шықты. Енді қызық премия мемлекет көмектесіп жатқан жоқ, үлкен бір премиялар сияқты ақша бөліп, үлкен сахна жасап, қолдан келгенше демеуші тауып, НТК қолдап.

«Қызық премия» әдегідей ауқымды! Талайды жиып, жыл бойы тыңнан түрен салған танымалдарға ерекше мүсіншелерді еншілетті. Хит тректердің орындаушыларын шақырып, ерекше шоу жасады.Тек жұлдыздар ғана емес, жыл бойы тосыннан танылып кеткен қарапайым көрермендерді де көпшілікке көрсетті.

Марат Оралғазин, Еркебұлан Мырзабек, әзілкеш:

  • Сіздің осы жолғы фоворитіңіз кім?
  • Барлығы.
  • Біздің фаворитімізді мен білемін, ол «Орда» тобы.

«Орда» тобы, Қазыбек Құрайыш, Асха Принц, Делякур екеуі, Қанай, Калифарния айта берсек көп.

Қызық премияға талайларды әнімен «Рахатқа» бөлеп жүрген Қазақстандық әнші арнайы Мәсукеуден келді. Үнемі «На Рахате» жүретін Ганвесттің трегіне тиктокта 200 мыңнан астам видео түсіріліліп, ютубта 2 млн-нан астам қаралым жинаған.

Ганвест, рэпер:

- На Рахате «Қызық премияға» келіп қалдыңыз?

- Ээ, мен каждый день на рахате. Мен на рахате, е сен на рахате!Я сейчас выйду на и сделаю дэрзкий рахат!

- Қалай ойлайсыз, сіздің трегіңіз тик-токты жарып, музыкалық платформаларда хит болуына не әсер етті?

- Потому что у всех казахов это в крови. Талант вот и все ответ простой.

Айдана Мәулен,тілші:

«Қызық премия» - биыл масштабын кеңейтті. ТМД жұлдыздарды да мүсіншені еншіледі. Мәселен, Қырғызстандық «Дибильонс» каналының өкілдері арнайы шақырту алған.

«D Billions» командасы:

  • Қош келдіңіздер! Көңіл-күй қалай?
  • Рахмат, сонун! Оууу!

Бұл премияны алу – қандай әсер сыйлады?

  • Өте күшті әсер алдық. Біз негізі бірінші рет шығып тұрмыз, эксклюзив десек те болады. Сондықтан, біз тек қуанамыз ғой.
  • Қазақстандық ютуберлерден кімдерді танисыздар?
  • Балалар контенті бойынша Аминка Витаминканы білеміз. Менің балаларым да оны қарайды.

«Қызық премияның» қонақтары шоу-бизнесте атағы дүркіреп тұрған жұлдыздар. Олардың қатарында өнер мен спортты ұштастырып жүрген Ерекбұлан Тоқтар да болды.

Еркебұлан Тоқтар, актер:

  • Премияға шақырылғандар белгілі бір номинацияларға ие болады.Өзіңіз қандай номинациядан үміттісіз?
  • Актер емеспінғой, әшейін түсіп жүрмін, спортсмен дейін десең спортта енді, екеуінің біреуі шығар может, ни там ни здесь деген премия беретін сияқты.

Марат Оралғазин, Еркебұлан Мырзабек, әзілкеш:

  • «Қызық премияда» «кринж» номинациялар да бар. Ренжігендер болды ма?
  • Біз енді білеміз ғой кім қалай реакция жасайтынын. Кім ренжиді, кім ренжімейді анық қой.

Айжұлдыз Адайбекова, блогер:

  • 0109 Кринж номинациялар бар.
  • Бар ма не?
  • Иә, «Жыл плагиатщигі» деген сияқты. Егер сондай номинацияға ілініп қалсаңыз не істейсіз?
  • Ілініп қалсам, бұйырғаны осы деймін де, алам да мәз болып инстаграмға сторизға салам.

Еркеш Хасен, әнші:

  • Мә, мен білмейді екенмін, шын айтам. Кеше Марат аға салған екен «жылдың үздік хит әні» деп. Бірақ, енді менің әнім шыққанына 1 ай болды. 1 ай 12 айдың көлемін ала ала ма, білмеймін.

«Миллион» құрамасы:

  • Дым істемегендер ілінетін шығар енді. Мен білем примерно кімдер екенін. Бірақ айтпай-ақ қоя салайын.
  • Кімдер, кімдер?
  • Қызық емес болып қалады.
  • Жоқ, өзі жүр. Көзіне қарасаңыз білінеді. Осы жерде дым істемей жүр олар.

Биыл да «Үздік сериал» атануға таласқан туындылар көп болды. «Бажа», «Аппақ келін», «Жездуха», «Байгайстың» жігіттері дәл осы номинациядан үмітті.

«Миллион» құрамасы:

  • Биыл сіздер қандай премиядан үміттісіздер?
  • Үздік сериал премиясына келдік. Құдай қаласа алып қайтамыз Шымкентке.+ биыл жыл бойына көзі қарақты көрермен есептеп қараса ютубта трендті «Жездуха» берген жоқ.

Жаңа жылдық кеште НТК қосулы болсын! Қызық премияның қызыыыық болатынына кепілдік береміз!