Әйгілі «А-Студио» тобының тарихына негізделген «Джулия» мюзиклі көрерменге ұсынылуға әзір.

Сообщить о проблеме с эфиром

«Broadway» стиліндегі мюзикл алғаш рет Қазақстан сахнасында! Әйгілі «A-Studio» тобының тарихына негізделген «Джулия» мюзиклінің тұсаукесеріне аз ғана уақыт қалды. Труппа мен сахна сыртындағы команда премьераға бірнеше айдан бері үздіксіз дайындық жасады.

Ділбара Әбубәкірова, әнші:

-«Джулия» мюзилкі «Broadway» деңгейіндегі ерекше шоу. Алғаш рет Қазақстандықтарды заманауни техникамен, 3D эффектпен жабдықталған кеш күтеді.

-3000 қатысушының ішінен кастингтен өткен 50 өнерпазға мюзиклді сахнаға шығару үшін біраз тер төгуге тура келген. Таланттар соңғы 4 айда тек «Джулиямен» өмір сүріп жатқандарын айтады.

Батыржан Тазабеков, «The Jigits» тобының әншісі:

- Біз мюзиклдің актері ретінде өнер көрсетеміз, ол дегеніміз, би билеп, ән де айту, оған қоса, актерлық шеберлігіңді де көрсету маңызды. Кейбірінің ауыр сахналары бар, барлық тосын сыйды көрермен келіп көре алады.

«Джулия» мюзиклінің идея авторы Байғали Серкебаев дайындықты өзі қадағалап жүр.

Ділбара Әбубәкірова, әнші:

- Байгали Серкебаев каждый день приходит к нам на репетиции... Байғали Серкебаев өзі дауысымызды қояды, актерлік шеберлігімізді шыңдады. Ол кісінің үмітін ақтаймыз деген сенімдеміз.

«Джулия» мюзиклі 26-желтоқсаннан бастап 8-қаңтарға дейін «Алматы Театрының» сахнасында үздіксіз күніне бірнеше мәрте қойылатын болады.