Бағлан Әбдірайым әншілікті түбегейлі қоймақ па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Бағлан Әбдірайым қаңтарда тырнақалды туындысының тұсауын кескен болатын. Бірақ кинодан кейін, көрерменде сұрақ көп болды. Солардың бірі:

-Зерода біз кітаптан оқыған оқиғаларды таппадық. Пост продакшнда алып тасталды ма көп дүние?

Бағлан Әбдірайым, әнші, кинопродюсер:

-Енді... Кітапты оқыдық та, кітаптан сценарий шықты ғой сол. Сценарийстер солай жазды. Көп оқиғаларды қоса берейік десек ол сериал болып кетейін деп тұр. Одан кейін, оның бәрін бір киноға сыйғызу мүмкін емес.

-Жалпы кассалық жиынын айта аласыз ба? Қанша миллион болды?

-Кассалық жиыны 260 миллионға жақындады.

-Қарызыңызды толықтай өтей алдыңыз ба? Жаба алдыңыз ба?

-Жаптық деп айтсақ болады негізі.

Бағлан Әбдірайым – соңғы кезде тәуекелдің нар қайығына мініп алғанын айтады. Тіпті тың толықметрдің түсірілімі жоспарында жүр екен.

-Көлікте мыс-мыс ақшамен отырған сторис салдыңыз. Бұл: Бағлан Әбдірайым тағы бір кино түсірейін деп жатыр?,-деген сөз бе?

-Иә, қазіргі уақытта дайындалып жатырмыз.

-Жанры қандай болады?

Бағлан Әбдірайым, әнші, кинопродюсер:

-Жанры – адамдар бір күтпеген жағдайға түсіп қалады. Сол жағдайда шешімін тауып шығатын. Енді көңілді...

-Комедия болады иә демек?

-Иә. Оқиғасы бар комедия ғой иә.

Лентаның сценарийі, тіпті актерлық құрамы да дайын көрінеді. Енді аз күнде түсірілімі де басталмақ.

-Фильміңізде кімдер ойнайды?

Бағлан Әбдірайым, әнші, кинопродюсер:

-Біраз біраз актерлар бар. «Зеро» фильмінде ойнаған актерлар көбісі. Енді ол жерде Тұңғышбай ағамыз бар. Одан кейін Олжас Абай бар. Өзім бармын. Бар енді біраз актерлар бар.