Төреғали Төреәлі Нарынқолдың абақтысында жатқанда не түсінді?

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Ол жүрген жер эпатаж. Әдейі емес, солай болып қала береді. Соңғы шулы оқиғасы – Көлсайдағы 20 жастағы гид жігітпен жаға жыртысып қалуы. Істің аяғы сотқа жетпей, кешіріммен тынған болатын. Бүгін сол даулы оқиға кезінде, Көлсайда таспаланған бейнебаянның тұсауы кесіліп жатыр. Бүгін Төреғали Төреәлінің презентациясындамыз! Форматы – ауыз ашар.

-Клипке тоқталайық.«Менің толқыным» әніне клип осыдан 5-6 ай бұрын, қазан, қыркүйек айларында түсрілді иә? Араға 6 ай салып жариялап жатырсыз. Релиз алып жатыр. Кешеулдетудің себебін білсек бола ма?

Төреғали Төреәлі, әнші:

-Оның бір ешқандай себебі жоқ негізі. Бірақ сәті ослай түсті де. Сабақты ине сәтімен дейді ғой. Сондықтан орайы осылай келді. Сәлемі де сәтімен дегендей. Бірақ оны бір арнайы сақтап жүрген ештеңеміз жоқ.

-Сіз жасайтын қай-қай дүние болмасын сапалы. Бұл бейнебаянның бюджетін білсек бола ма?

-Бейнебаянның бюджеттері орта есеппен қанша екен? Шынымды айтсам,мен есептесіп, мен саудаласпағаннан кейін білмейм да. Сол 2000 доллар ма, 2 миллион тг ма соның ар жақ бер жағы шығар.

-Бізде қазір кадрдың сыртында ағамыздың көмекшісі Жамбыл айтып тұр.

Естеріңізге сала кетейік өткен жылдың аяғында Төреғали, Бекарыс Қожабынов есімді гидті қамшымен осып қалып, қылмыстық іс қозғалып кеткен еді. Соңында әнші 10 миллион теңге көлемінде кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын алды.

-Ескі жараның бетін тырнағымыз келіп тұр. Көлсайдағы оқиғаға қатысты сізден ресми мәлімдеме болған жоқ. Тек Бекарыс атты 20 жастағы гидпен татуласқаныңыз жайында пост болды.

Төреғали Төреәлі, әнші:

-Иә... Енді ескі жара болғанда да , беті тырналмайтындай жара болып кетті ау ол. Жазылып кеткен жара ғой. Жара деп те айтуға келмейді.

-Енді сізге сұрақ қоюға жүрексінеміз шыны керек.

-Жоқ неге мен сұрақтарға жауап берем және жасаған нәрсенің айыбын алып, заңға бағынамыз. Бауыржан атамыздың тәртіпке бағынған құл болмайды дегеніндей.

Төреғали тәртіпке бағынды, 10 миллион теңге кепілдікпен бостандыққа шықты. Бірақ сол екіарада қызық оқиғалар көп болған. Соның бірі, Төреш осы уақытқа дейін келіншегінің жұрты Нарынқол, Кеген өлкелерінде концерт қоймапты:

Төреғали Төреәлі, әнші:

-Сонымен көлсайда клип түсірдік, бәрі бітті. Сөйтіп Кегенде уақытша сақтау изоляторында жатырмын ғой. Ана енді бұрын-соңды барып көрмегем, Құдай ондай жерге баруды ешкімге бұйыртпасын. Кәдімгідей бабаларымыз жатқан абақтыға ұқсайды. Оның үстіне Кеген деген дала. Бәрі болғаннан кейін шығып Толқынға звондап айтам ғой: «Эй Кегенде жатырмын. Сен жоқсың, бір өзім. Киіз үйде жатсам ештеңе емес, абақтыда жатырмын. Бұл қалай болды десем, қайын жұртыңызға барып концерт қоймай жүр едіңіз ғой дейді да, Құдай енді концерттің көкесін қойдырып берді ғой енді»,-дейді ғой.

-Төреғали қашан да сынға ілігіп қала беретін әнші. Бұл тұзы жеңілдіктен бе әлде бір өзіндік тентектіктен бе? Қалай ойлайсыз?

Ерген Айтымбетов, әнші:

-Жігіттігінен шығар деп ойлаймын. Жігітке жарасымды нәрсе ғой. Жігіт солай болуы керек. Елді шулатып жүруі керек. Шаңын шығарып жүру керек қой. Жарасады өзіне.

-Клиптің премерьерасы дәл қазір аяқталды. Жалпы Алатау серілеріне клип көңілден шықты ма?

Алатау серілері тобы:

-Өте жақсы шыққан. Енді сол бір ақ бас Алатаудың, кетпен Алатаудың баурайында түсірілген дүние ғой. Сол бір дақпырды қазақтың даласында шарлап жүре берсін деп тілейміз. Бұндай дүниелер, туындылар көп болсын.

-Дуэттеріңіз бар, клиптеріңіз бар. Жалпы Төрештің мінезін білеміз. Ара-арасында шегісіп, бекісіп қалмадыңыздар ма?

-Жоқ, братишкалар ғой деп әңгіме айтсаң. Енді менен кейін оқығаннан кейін солай болады.

-Мырзахан аға, Төреғалиді қай уақыттан бері танисыз? Жалпы мінезін, болмысын сипаттап беріңізші. Сіз енді ініңіз ретінде танисыз ғой. Біз әнші ретінде білсек.

Мырзахан Маханов, «Жігіттер» квартетінің әншісі:

-Төрешті мен қателеспесем анау 2009-2010 жылдан бері танимын.

-Айтыстан бері?

– Жоқ, айтыста да емес, былай жеке басын өзінің. Төреш Төреш болмай тұрып елдің алдына әнші болып шықпай тұрған кезінен бастап танимын Төрешті білем.

-Болмысын айтып берсеңіз?

-Болмысы таза қазақтың нарқасқа, жылқы мінезді алып-ұшып тұрған жігіт. Қазір енді кішкене салмақ қосып, салмақты Төрешке айналып келе жатыр ғой уақытпен.

-Енді Төреғалиға танымалдылық тез келді ғой. Айтыстан, біртіндеп-біртіндеп сатылап келді. Сол сәттерде сізбен араласпай кеткен кездері болды ма? Араласпай деген жаман мағынада емес, бір связь үзіліп қалған кез.

Дәулет Бижанов, әзілкеш:

-Арамызда болды ондай байланыссыз кезеңдер. Мен отбасын құрдым, кішкентайлы болдым. Сол уақыттарда Төреғалимен ғана емес , мен өзім толық шығармашылықпен айналысуды кішкене кейінге қалдырып, солай отбасылық шаруалармен айналыстым.

-Ғазиз аға, Төреғалиді «Ұлы дала комедиясынан» танисыз, иә? Сол кезден араластыңыз ба?

Ғазиз Ерболат, әзілкеш:

-Жоқ, оған дейін де таныспыз ғой Төреғалимен. Біздер «Назар аудар» театр болып құрылдық. Оған дейін «Назар аудар» жобасы болдық қой. Ең алғаш концерт берген кезде Төрештің де тұсаукесері, біздің де тұсаукесеріміз сол концертте болған. Содан бастап иә бірге бастағанбыз. Бір сахнаға бірге шығып, бірге бастағаннан кейін содан бастап бауырмыз, доспыз, туысқанбыз, ағайынбыз, жұртпыз, елміз.

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

Төреғали Төреәлі – ұлы дала еркесі ғой. Хан ұлындай сері, қанша қылық көрсетсе де, халқы көтеруге дайын. Бірақ қашанға дейін?