Бір миллион теңгелік торт, лакшери пати! Әнел Кенжебекова туған күнін дүркіретіп атап өтті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova

- Оның гардеробы тек бренд киімдерге лық толы! Апта сайын шетел асып, саяхаттайды. Қымбат көлік, бағалы вилла бір сөзбен лакшери өмір! Бұл қалауларына ол қаржыны қайдан алады? Олигарх қызы ма, әлде блогерлік осынша табыс әкеле ме? Біз бүгін Анель Кенжебекованың birthday party-на келдік. Осы сауалдардың жауабын дәл қазір анықтайтын боламыз!

 

Әнел Кенжебекова, блогер:

-Көп оқырмандар сіздер сияқты блогерлардың лакшери өміріне қызығады. Оның құпиясы бар ма? Ол еңбектің арқасы ма әлде ата-анаңыздың жағдайының арқасы ма?

-Мен туған күнімнің бәрін өзім төлеймін. Ата-анам жағдайы бар, жақсы жерден шыққанның өзінде де бұл секрет емес. Осындай жағдайдың өзінде де мен өзім бәрін төлеп, өзім бәрін жасауға тырысамын. Өйткені бұл енді өзімнің еңбегім, өзімнің жұмысым, өзімнің мақсатым.

 

Арнайы тематика мен дресс код! Әнел Кенжебекова төл мерекесіне орай ұйымдастырған кеш Diamond Party стилінде. Сылқым кешке Қырғызстандық дизайнерге тапсырып беріп, арнайы көйлек тіктірген.

Әнел Кенжебекова, блогер:

-Мынаны Бішкектен тіктірттім. Бішкекте Арзубек деген кісі деп реклама тығып жіберсең. Менде жалпы 3 образ болады.

- Өте әдемі жарасып тұр. 3 образ дейсің. Образдарды дайындауға қыруар қаржы кетеді. Қанша жұмсадың?

- Айтпай-ақ қояйын.

- Миллион бар ма?

- Примерно сондай сол.

- 21 жасыңа қандай мақсат қойдың?

-21 жасыма көбінесе жұмыс деп ойлаймын. Жұмыс, жұмыс, жұмыс. Көптеген армандарым бар, сол армандарымның бәріне жету біріншіден. Екіншіден, 2-3 жылдан кейін өзіме бір сүйікті жарым кездестірсем, бұйырса тұрмысқа шығу, бір 2-3 жылда.

Кештің ең әдемі сәттерінің бірі ол Әнелге арналған тәтті торт. Блогер бұл кондитерлік тағам үшін 1 миллилоннан астам қаржы жұмсаған.

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova

-Бүгінгі кештің дресс-коды «diamond» стилінде. Яғни жігіттер смокинг, қыздар ұзын көйлек пен бағалы аккссесуар тағуы тиіс. Сонымен кім дресс код ұстанды?

Дәулет Исраил, блогер:

-Даймонд дресс коды сенің түсінігіңде осы ма?

-Шын айтайын, үйде бір где-то жарты сағаттай іздедім жылтырақ не бар екен деп ше. Сонымен ештеңе жоқ болған соң амал жоқ классика киіп келдім.

-Негізі ер азаматтарға дұрыс классика киіп келу керек смокинг.

-Иә, негізі ер азаматтарға жалпы тісін, сосын басын жуса болды, әдемі болып қалады резко. Сол екеуін істедім, сосын рубашкамды үтіктедім. Ол дегеніміз мен полный готов деген сөз.

Дархан & Дарикорн, жұлдызды жұп:

-Бүгін Анель арнайы дресс код қойды. Даймонд стилі. Сіз ұстамаған сияқтысыз ғой?

-Біз үлгермей қалдық, шынымен үлгермей қалдық. Жаңа 1 сағат бұрын біз негізі келе алмаймыз деп ойлағанбыз. 1 сағат бұрын үлгеретінімізді түсіндік та тез-тез жаңағыдай жуынып-шайынып шығып кеттік. Сонымен үлгермей қалдық.

C.C.TAY, әнші:

-Жауапты қонақтардың бірі мен болам просто деп па. Всегда дресс код ұстанып келем. Сосын ешкім дресс код ұстамағанын көрем да ну ладно деймін.

Кешке келген желі жұлдыздары Әнелге тек бағалы бренд сыйлықтар алып келген.

Әнел Кенжебекова, блогер:

- Бірінші сыйлық алып қойдым Дамелядан. Наушник бар ғой эйрпод, сосын Мерей Луи Витон браслет берем дейді, соны көріп қойдым стористан. Каз көреміз кімдер не алып келеді.

Дәулет Исраил, блогер:

- Дәке, туған күнге қандай сыйлық алып келдің?

- Ақшалай

- Қанша?

- Гүл и 100 доллар. Андай ғой тойдағыдай, өз орныңды ақтап кетесің деген сияқты ғой короче.

- Негізі бағалы брендтардан сыйлық сыйлайсың ба?

-Сыйлықтарды ма, сыйлаймын. Алған кездерім болған иә

- Ең қымбат қандай сыйлық алдың?

-Ең қымбат сыйлық – аяқ киім 480-ге.

- Кім сыйлады саған?

-Мен біреуге сыйладым. Мен біреуге сыйлаумен өтем, сол үшін ғой көтеріле алмай жүргенім. Жағдайым бәрі сол жаққа кетеді, десең.

Серік Ибрагимов, әнші:

- Сыйлық артыңызда тұр. Букет гүл сосын арнайы бренд алып келдім.

- Қандай бренд?

-Айнамкөз Абдимадан шыққан бренд.

Нұрдәулет Бектұрсын, блогер:

-Бренд бір Том форди ма сол.

- Қаншаға алдың?

-100 мың теңгеге.

- Оның ішінде не бар?

-Мынандай платок и портмоне.

- Өте керемет. Негізгі осындай туған күнге шығындалған тиімді ма сендер үшін?

-Білмейм, көңіл ғой. Ешқандай тиімді де емес. Шамам жеткенше алып келем шамам жетпесе әкемейміз деген сияқты. Оған адам ренжи ма ренжімей ма білмеймін.

- Ал, сіз қанша құртып едіңіз туған күніңізге?

- Баға жағынан келетін болсақ 20 млн теңге алғам ақшалай сыйлық.

Дархан & Дарикорн, жұлдызды жұп:

-Ақшалай.

- Қанша ақша?

-Оны кейін жібереміз өзіміз. Біз оны әлі ойлаған жоқпыз. Қазір бітіп жатады ғой, сол кезде бір-бірімізге қанша береміз дейміз да, сол кезде шешеміз оны.

- Кім шешеді араңызда?

-Дари айтады, мен төлеймін ғой.

-Өздеріңіз туған күнге ең көп шығындалған сәт болды ма?

-Былай айтқанда біз бұндай әлі үлкен қылып жасамадық, бірақ Даридікін жасағанбыз. Сіздер келдіңіздер ғой иа. Даридыкын жасадық, бірақ мен өзімнің туған күнімді былайынан жасамаппын өмірімде шынымен.

- Дархан сізге қандай ең қымбат сыйлық берді?

-Маған ең қымбат сыйлық БМВ Х7 машина.

- Қанша тұрады?

-61 миллион.

- Ал сіз Дарханға не бердіңіз?

- Мен оған ұл сыйладым. Ұл сыйлады.

C.C.TAY, әнші:

-Жалпы негізінде мен осы соңғы жыл сондай өзіме не қойдым традиция сияқты. Алтын сыйлауды. Алтын өзінің құнын жоғалтпайды дейді ғой. Сондықтан да алтын беремін.

Әнел Кенжебекова, блогер:

- Біз білеміз, соңғы кезде туған күн жасау блогерлер арасында трендке айналып кетті. Ол немен байланысты деп ойлайсың? Ол арнайы контент үшін ба әлде өзіңнің жан қалауың ба?

-Білмеймін енді. Мен өзім негізі Нұрдәулет жасады сосын мен жасадым, сосын дальше пошло поехало ғой. Бәрі істеп кетті ғой. Сондай бір тренд сияқты.

Нұрдәулет Бектұрсын, блогер:

- Осындай туған күн жасауды сен трендке айналдырған сияқтысың. Қалай ойлайсың?

-Мүмкін. Әрине енді тематикамен қонақтардың бәрін шақырып. Күшті керемет қой бас қосулар көп болса, таныстар көп болады деп ойлаймын.

Дәулет Исраил, блогер:

-Жағдайың жетсе неге жасамасқа?! Мүмкіндігің келіп жатыр ма, жаса. Қуанышты бөліссең, көбейеді дейді ғой. Бөлісіп жатыр, ол дегеніміз жақсы ғой негзі, жаман нәрсе емес.

Дархан & Дарикорн, жұлдызды жұп:

-Білмейм енді, контент үшін деп айта алмаймын именно Анеляның жағдайында. Ол контентке де өте жақсы да негізі, дұрыс қой негізі. Мен өз ойымша блогерлар осылай жасау керек. Қызық қой елге, халыққа.