Жиі жаға жыртысып қала беретін жұлдыз кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

-Сіз соңғы рет қашан шегісіп қалдыңыз?

Ерген Айтымбетов, әнші:

-Айтпаймын мен. Көп болды. Біраз болды оған. Енді көрсетпеймін бірақ.

-Төбелестіңіз ғой иә кәдімгідей сонда иә?

-Төбелесеміз ғой енді.

-Кәдімгідей бір адамды алып қоятын сияқтысыз?

-Білмеймін енді барынша.

-Соңғы рет қашан төбелестіңіздер? Осы кісіден сұрайыншы. Қатты төбелесетін сияқты.

«Алатау серілері» тобы:

-Денесіне қарап қатты төбелеседі деп ойлайды негізі.

-Денесіне қарап негізі шынымен қатты төбелеседі деп ойлаймын.

-Бірақ қатты сөйлеседі бұл. Қатты ұрысады негізінде

-Соған қарағанда жігіттердің бәрімен бір-бір ұрысып шыққан сияқтысыз ғой. Жеңіп кеткен сияқтысыз ғой.

-Жеңілген күреске тоймайды дейді. Жеңілген адамдар көп сөйлейді ғой сөйтіп.

Ал «Жігіттер» квартетінің әншісі Мырзахан Маханов: Жігітшілікте жиі болып тұратын жағдай ғой. Бірақ өзімнің қызуқанды екенімді де жасырмаймын»,-дейді.

-Соңғы рет қашан төбелестіңіз?

Мырзахан Маханов, «Жігіттер» квартетінің әншісі:

-Қой ондай нәрсені айтпайды ғой адам.

-Негізі ерегесіп тұратын шығарсыз?

-Ол жиі болады ғой адамда иә.

-Сізде жиі бола ма?

-Бәрінде болады ғой ол. Бірақ енді ол құрсын андай ғой жақсы ит өлігін көрсетпейді дегендей. Біз көрсетпейміз ғой көп нәрсені тырысамыз.

-Тігісін білдірмейсіз?

-Иә, әйтпесе мынау тіс, мұрынынң бәрі қайдан келеді.

-Мұрныңыз қисық. Содан ғой?

-Болады ғой енді ештеңе қылмайды.

-Араларыңызда қызу қанды жігіт кім?

-Міне, десең.

-Соңғы рет қашан төбелестің?

Ерзат Рамазанов, «Алашұлы» тобының әншісі:

-Соңғы рет қашан төбелестің дейсіз ба, соңғы рет па? 3-4 жыл бұрын шығар.

-Көп болыпты ғой. Одан кейін ерегеспедің ба?

-Мен төбелесем ба сразу өлтіріп қоя салам. Ойнап айтам, Құдай сақтасын. Жоқ енді барынша сабырға жүгінеміз. Жанымда осындай салмақты жігіттер жүргеннен кейін барлығы сабырға шақырады. Жалпы өзім төбелесті жеккөремін. Төбелесіп болдық қой кішкентай кезімізде. Соңғы рет Мәкең екеуміз төбелесейік, төбелесейік деп қалып едік қой братан.