Санұржан Сүлейменов енді – дистрибьютор!

Сообщить о проблеме с эфиром

10 жасынан бері кино әлемінде жүрген Санұржан Сүлейменов, соңғы кезеңдерде жұрт назарынан тасада қалды. Үлкен жобалардан сирек көреміз. Оның себебі де бар екен:

-Санұржан, сәлем. Қайырлы кеш. Көңіл күйің қалай? Сені көрмегеніме көп болды?

Санұржан Сүлейменов, актер:

- Иә, біраз болды шықпағалы. Біртүрлі әсерде болып отырмын. Тым көп адам. Адам жиналған кезде де кішкене өзім бөлек жүріп, кішкене бөлек жер тауып дейтіндей. Жұмыс істеп жүрміз. Қазір музыкалық диструбиция мәселесін шешіп жатырмыз. Бір компанияның партнеры болдым. Авторлық құқық dijital-да әншілерді шығарып жүрміз. Сонай бір жаңалығым бар. Онымен бөлек бірнеше түсірілім болды. Бірақ әзірше оны айтуға болмайды.

-Сұрағым келген үлкен экраннан соңғы кездері сені аз көретін болдық. Оған не себеп? Үзіліс алдың ба шығармашылығыңда?

- Мен негізі проект таңдайтын адаммын ғой андай иа. Сондықтан Түркиядан келгелі аса қатты проект алмай жүрдім. Өз себептері болды. Түркияның сериалы жақында шығар.

Мамыр айында жарық көретін түрік сериалында төбе көрсеткен Санұржан, біраз жобадан бас тартқан. Басты себеп: тек мега жобаларда ғана жүру. «Оң жамбасымнан келмей тұрған рөлден бас тартамын»,-дейді ол.

-Жобаны таңдаған кезде сен неге көңіл бөлесің? Гонорар ма әлде саған қоятын талаптар немесе сценарий?

Санұржан Сүлейменов, актер:

- Оны толығымен ең біріншіден сценарий, кім болып ойнайсың, одан бөлек кім продюсер, кім режиссер, кім топ болады. Маңызды нәрсе продюсердің проекттен не қалауы. Егер жай ғана кіріп ақша жинау болса, ол актерлық кино бола алмайтын кино. Адамдардың ой саналарына терең қала алмайтын кино. Мен негізі өзімнің актерлық саламнан актерлық тарихымнан андай әсер күтем. Қартайғанда, қайтқанда менің балаларым көрсететіндей біздің әкеміз осындай болды деп.

Бұған дейін ТМД-ның талай толықметрі мен телехикаясына түскен Санұржан шетелдік кино агенттермен жұмыс істеген екен. «Продюсерлер басқа мемлекеттегі жобаларға өздері іздеп шақырады. Қазір сұраныстамын»,-дейді өзі.

-Біз білеміз шетелдік нарыққа шығу ол өте қиын. Сенің агентің болу керек. Сен қалай тап болдың онда?

Санұржан Сүлейменов, актер:

- Әртүрлі бірнеше агенттерім болды шетелдік. Қазіргі уақытта ол агенттермен жұмыс істемеудеміз. Нақты қазір тікелей шығады шетелдік проекттар өздері жазып. Қазақстанда қазір бір адам бар менде сол жағынан әңгімелесетін. Сол өздері шығады, өздері хабарласады че там не істеп жатсың деп.

-Жаңа музыкаға бет бұрдым деп жатырсың. Сонда сені сахнадан көреміз ба әлде сен әртістерді сахнаға шығарасың ба?

Санұржан Сүлейменов, актер:

- Біздің компаниямыздың Тайпа медиалэнд компаниясының өзінің әртістері бар. ИНКИ деген керемет топ. Мәскеу қаласында оларға негласный продюсер болып, қазіргі уақытта официалды түрде жұмыс істеп жатырмыз. Одан бөлек негізі біз дистрибуциямен айналысатын адамбыз. Кенжебек Нұрдоллай біздің компаниямыздан шығады, Коба, Манстар, актерлер, Мейірғаттар иа. Біз авторлық жағынан Найнти уанмен жұмыс істейміз. Ресейдің инстасамкалары бар, Мияги бар.

-Өте топовый әртістер ғой?

- Иә, өйткені бізде мықты компания.

-Ал сенің бұл салаға бет бұруыңа не себеп болды?

- Біздің Қазақстанға алып келер пайдасы бар екеніне көзім жетті. Соның арқасында мен достарыма айттым Қазақстанда ашайық деп, сол Қазақстанға көшіртіп компанияны қазіргі уақытта ТОО болып тұрмыз.

-Мақсат отандық әртістерді шетелдік нарыққа шығару ма?

- Мақсат ең бірінші дұрыс менеджмент жасау диджиталда. Сосын өйткені қазіргі уақытта дистрибуциялық компаниялардың жұмыс істеуі Қазақстанда мен айтпай ақ қояйын жаман деп. Бірақ біз жақсы жасай аламыз деген тікелей контракттарымыз бар авторлық жағынан. Авторлық құқық жағынан контракттарымыз спотифай, гугл, эплдармен. Сондықтан басқа ондай компания жоқ Қазақстанда. Біздің Қазақстанға алып келер пайдамыз бар болғаннан соң сөйтіп осы мәселеге кіріп кеттім.