Жақында сүйіктісіне сөз салған Аkha үлкен тойын жасырын жасамақ па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Akha, әнші

-Соңғы кездері сіз трендтен түспейсіз жасыратыны жоқ. Айтюнста тректеріңіз топ үздіктер қатарында. Өзіңіздің еңбегіңіздің бір сырын айта аласыз ба?

-Кезінде бір кісі маған жаныңмен істесең, результаты болады деп айтқан. Сол мүмкін сол шығар. Білмедім оны қалай болатынын, кімнен болатынын енді. Аллахтың қалауы сондай болған шығар. Болды. Сосын тайынбау. Армандау керек. Көп армандау керек и соған қарай мақсат жасау керек.

 

Мектеп кезінен музыкант болуды армандаған Асхат, лирикаға дейін рэп те айтқан екен. «Шығармашылықта эксперимент көп істеймін. Басым бөлігі сәтті шығады»,-дейді ол. Аkha соңғы кездері ана тілінде тректер жазуды бастаған.

 

Akha, әнші

-Қателеспесек, сіз ТМД аудиториясында жұмыс істейсіз ба орыс тілінде ән шығарғаны үшін?

Өзімнің мақсатым мысалға Қазақстанды бүкіл СНГ-ға, ТМД елдеріне н\е әлемдік сценаға көрсету мақсатында ғана ғой ол. Қай тілде істеу не емес. Просто мектеп кезінен маған айтатын тұғын ей сен орысша сөйлей алмайсың, сөйлемей-ақ қойшы деп. Сөйтіп қырсыққаннан литература оқып жүріп, ән шығаратын болдым. Содан басталды ғой.

- Сонда сіз кезіндегі реніштеріңізге дәлелдегіңіз келе ма?

-Мен әрдайым өз-өзіме дәлелдейм ең бірінші. Маған біреу бірдеңе істей алмайсың десе, соны істеп, өзіме бірінші көзімді жеткізем а мүмкін екен ғой. Неге Қазақстанның әртістері сахнаға шыға алмайды, әлемдік сахнаға деген секілді. Қазір солардың қатарына кірсем деген ойым бар әлемдік әншілердің қатарына. Ол да бір мақсат алға қойылған.

-Біз білеміз, ғаламторда сіздің әндеріңізден бөлек сіздің сүйіктіңіз, шабытыңыз , сізге шабыт беретін Аиша бар. Әндеріңіздің бәрі соған арнала ма?

Иә, жақында да Аиша деген әнім шықты. Әр еркектің бір движогы дейді ғой. Мысалға алға қарай жүргізетін бір музасы болатын қыз-келіншек болады. Сол менің қыз-келіншегім Аиша. Ол да бір үлес қосқан. Махаббат не істетпейтінін өзіңіз білесіз ғой. Сондай деп ойлаймын.

- Ал тойларыңызға дайындық қалай жүріп жатыр?

-Пока без комментариев. Кейін көре жатасыздар. Бәрі Аллаға шүкір жақсы болып жатыр.