Сәкен Жақсыбаев күллі бомондтың басын қосып, ерекше кеш ұйымдастырды.

Сообщить о проблеме с эфиром

Мадина Дәулетқызы, тілші:

- Сәкен Жақсыбаев күллі бомондтың басын қосып, ерекше кеш ұйымдастырды. Дизайнер дәл осылай кезекті коллекциясының тұсауын кеспек. Олай болса, топтаманы тамашалап, бағасын бірге берейік.

Алматылық бомонд гардеробындағы ең таңдаулыларын киіп, сықиып келген. Қанша дегенімен дарынды дизайнер Сакен Жақсыбаевтың патиіне келіп отыр емес пе? Айтпақшы, бұл шарада шетелдік меймандар да көп болды.

Сәкен Жақсыбаев, дизайнер:

- Сондықтан бүгінгі кеште Германия, Италия, Франция, Марокко елдерінің елшілері, Vogue Italia, Forbes USA өкілдері де бар. Біздің мақсат сән саласында қызмет етіп жүргендер еңбегіне құрмет көрсету. Бұл кеш Қазақстанның фэшн саласын танытуға, дамытуға арналып отыр.

Кеште уәде етілген Сәкен Жақсыбаевтың су жаңа коллекциясының таныстырылымы өтті. Дизайнер бұл жолы подиумға киізден жасалған бұйымдарды шығарған. Еске салсақ, сәнгер мұндай үлгілерді алғаш рет ұсынып отыр. Себебі, бұл -коллобарация.

Сәкен Жақсыбаев, дизайнер:

- Visa Fashion Week жас дизайнерлерді қолдау мақсатында оларға арнап конкурс өткізеді. Мен өзім сол жоба аясында жеке грант ұсынып, конкурстың жеңімпазы Ақмарал Жарасқызымен 2 ай бойы коллекция дайындадық.

Ақмарал Жарасқызы, дизайнер:

- Біз «номад», яғни «Көшпенділер тақырыбын» таңдадық. 19 ғасыр кілемдерінен, қазақы ою-өрнектерден шабыт алдық. Әр бұйымға жеке принт ойлап таптық. Нәтижесінде ақ-қара түстердегі қолдан жасалған 15 шапан жасап шығардық.

Су жаңа үлгілер келген қонақтарға ұнағаны сөзсіз. Ал Сәкен Жақсыбаевтың өзі болса, өз үлгілерін шетелде де танытуға ниетті.