Берік Айтжанов, Асан Мәжит, Жандос Айбасов есірткіге қарсы күрес бастады!

«Мошенники» сериалының авторларынан, НТК қоржыны жақында тағы бір тың телесериалмен толықпақ. Қозғалған тақырып та бөлек. Қоғамның ақсап тұрған тұсы – жастардың есірткіге тәуелділігі. Актерлық құрам да осал емес. Берік Айтжанов, Жандос Айбасов, Асан Мәжит шынайы өмірден алынған оқиғада төбе көрсетеді. Көрерменге жақында жол тартатын сериалдың режиссері – Рүстем Омаров. ...