Әсел Сағатованың дайректіне тыныштық бермейтін бойдақтар, актрисаның тұрмыста екенін білмей ме?

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– EFW – Еуразия құрлығына сән мен стильді ұсынатын халықаралық платформа. Жоба әлемдік деңгейдегі дизайнерлерді біріктіріп қана қоймай, жаңа есімдерді ашуға атсалысады. Ал бүгін балалар коллекциясы таныстырылады.

Подиум – жұлдыздардың балаларымен жарқырады. Алғаш боп сахнаға Әсел Сағатованың қызы шықты.

– Қызыңыз нешеде? Бүгін нешінші рет подиумға шығып тұр?

Әсел Сағатова, актриса:

– Қызым алтыда. Бірінші рет шығып тұр.

– Бізге қазір Әсел Сағатованың қызы өзінің выходын арнайы НТК арнасы үшін көрсеткелі жатыр.

– Айрис өскенде кім болғың келеді?

Айрис Ескендір, Әсел Сағатованың қызы:

– Дизайнером интерьера.

– Айдай Исаеваның бүгін екі бірдей перзенті подиумда өнер көрсетті. Әсеріңізбен бөлісіңізші?

Айдай Исаева, «Қазақстан аруы» ұлттық сұлулық байқауының президенті:

– Әсер өте керемет. Күшті подиум болды. Күшті көрсетілім өтті.

– Әл-Фараби саған ұнады ма?

  • Иә.

– Сен қандай іс-қимыл көрсеттің подиумда?

Джуниор лақап атымен танымал – Ілияс Көпжасаров көрсетілімге 8 жасар қызы Сафинаны қолдауға келген.

– Негізі бұндай шараларға мамалары жүгіреді ғой. Бірақ сіз жүрсіз да. Қызық. Қалай бұл?

Ілияс Көпжасаров, актер:

– Енді менің ойымша, қызға еркек адам қолдаса, ертең өзі де уверенный болады. Так что қазірден бастап, кішкентай қыздарға махаббат сыйлаңыз. Әкелік махаббат сыйлаңыз. Ол өте қажет.

Қызға қамқорлық, мейірім мен махаббат керек дегенді ұстанатындардың бірі – Жеңісхан Момышев. Режиссердің қызы Зере подиумда тұңғыш рет өнер көрсетті. Ешқандай қобалжудың жоқтығын айтады.

Жеңісхан Момышев, режиссер:

– Зереге қобалжымаймын. Өйткені Зереде «Стоп камера, начали» дегенді кішкентай кезінен біледі. Сондықтан оның бәрі зафиксировано у нас.

Аша Матай да қобалжымайтын ата-аналардың қатарынан. Тұңғышы Асылымның көрсетілімге төртінші жыл қатарынан шығуы. Ал кенжесі Айым алғаш рет.

– Көрдік. Асылым Айымның қолынан жетектеп жүрді иә?

Аша Матай, тележүргізуші:

– Иә. Дәл солай. Негізі үйде енді барлығы өзін еркін сезінеді ғой. Үйде көрсеткен кезде модель болған кезде кәдімгідей бүйтіп-бүйтіп жүреді да. Содан кейін шығам деді өзі. Айым деген кішкене, кішкентай мысық сияқты болып қалған сияқты подиумда жүрген кезде.

Екі күнге созылған EFW-ті ұйымдастырушы – Ирина Байжанова. «Командама рақмет. Бұл істің артында үлкен еңбек жатыр»,-дейді ол.

Ирина Байжанова, «Еurasian fashion week» бас продюсері:

– Бүгін 5 дизайнердің жұмысы таныстырылды. Бірақ көрсетілімде 168 бала өнер көрсетті. Бұл олар үшін үлкен мүмкіндік және ұмытылмас жарқын сәт деп ойлаймын.

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Кәсіби бағдарлама халықаралық қатынастарды дамытуға және сән индустриясының барлық бағыттарын кеңнен таныстыруға негізделген. Міне, осымен екі күнге созылған ЕFW өз мәресіне жетті.