Ай-хай 25! Дархан Жолшыбеков жары Daricorn-ды қуанту үшін қанша қаражат жұмсады?

Сообщить о проблеме с эфиром

Айдана Шалқар, @aiudna

- Ол тек қымбат сыйлықтар алып үйренген. Биыл да солай. 1001 роза, айфон 15 про макс, Булгаридің шектеулі коллекциясынан сағат. Бұл – Дархан Жолшыбековтің жары Даридің туған күніне тартуы. Біз бүгін Дарикорнның bday party-індеміз!

- Ең қымбат сыйлықты да Дархан берген сияқты, иә? 1001 роза, 15 промакс, булгариден сағат.

Daricorn, блогер:

- Туған күнге беріп жатқаннан кейін қандай сыйлық болсын, бастысы көңіл ғой.

Дархан Жолшыбеков, блогер:

- 8 млн ба сондай, ұмытып қалдым. Просто сағат қымбат болды ғой, бірақ а так былай 1001 роза қатты қымбат болмады.

- Сағат қанша?

- Сағат 5 млн 800 мың. 1 ай бұрын маған суретін жіберген еді ватсаптан осындай мына сағатты алайын ба деп. Ал дегем содан кейін ұмытылып кетті сол әңгіме. Өткенде сағатты алмадың ба не деп едім, жоқ алмадым қымбат екен деп кетіп қалған ғой қысқасы.

Бұл бағалы сыйлықтардан бөлек, Дархан Дарикорнның Bday party-ын ұйымдастыруға - 10 млн теңге қаражат жұмсаған. Дресс код – бал маскарад. Қонақтарға ыңғайлы болсын деп туған күн иесі арнайы бетперделерді базардан өзі сатып алып, дайындаған. Меймандар арасынан тематикаға сай сәнденгендер де, қолына іліккенді киіп келе салғандар да табылды.

C.C.TAY, әнші, блогер:

- Өзімде бар көйлек етін. Дресс кодқа келгендіктен осы көйлекті кидім.

Дархан Жолшыбеков, блогер:

- Мынау енді тез алғаным 80 мың теңге тұрады, костюм шалбар дей ма не дейді, смокинг иә, аяқ киім 40 мың теңге.

Анар Батырхан, тележүргізуші:

- Бұл жаңа көйлек, этикеткасы енді ғана алынды.

Baha puper, блогер:

- Өй үйде тұрған костюм ғой. Басымды қатырмадым. Смокинг анау-мынау деген соң болды бар дедім ғой.

- Ең ерекше дресс код сіздердікі сияқты иә?

Justking, блогер:

-Солай шығар, бізге жеңдіңдер деді ғой. Қайта беріңдер деді ғой.

Әлішер Қонысбаев, блогер:

- Мен дресс кодка дайындалған жоқпын. Үйде барын киіп шықтым. Мынау осы жерде тұр.

- Маскаңыз күшті жарасып тұр.

-Өзіме ұнамай тұр сол.

- Неге?

- Білмеймін, сәл біртүрлі боп тұр.

Damelya Sweet, блогер:

- Тез-тез көйлек таптық, масканы таптық. Базарда, базарда ма? Ассистенткама жібердім. Масканы тауып, образым дайын.

Дарханның Дариге берген бағалы сыйлықтарын көрген достары: «Бұдан кейін Дарикорнды қандай тартумен таңғалдырамыз?» - деп біраз әбігерге түскен.

Baha puper, блогер:

- Дариға енді андай сыйлықтармен таңғалдыра алмаймыз ғой, не удивишь дейді ғой байдың қатындарын. Біз енді ақшалай берерміз.

Нұрдәулет Бектұрсын, блогер:

- Рrada-дан сыйлық алдым. Қыздар жақсы көреді ғой сондай брендтерді. Мен өзім тақпаймын ондай нәрселерді көп.

- Қаншаға шығындалдыңыз?

- 500 доллар.

Damelya Sweet, блогер:

- Негізі Дариде күшті брендтердің браслеттері, сақиналары бар. Бірақ мен көргендей сырға жоқ, сол себепті мен сырға сатып алдым.

-Қандай брендтен?

- Рrada-дан

Анар Батырхан, тележүргізуші:

- Бүгін Шығыстың сыртқа киетін накиткасын алып келдім.

Әлішер Қонысбаев, блогер:

- Дари-ға ақшалай сыйлық әкелдім.

Razziywa & Есентай:

- Ақшалай сыйлық.

- Қыздар инстаграмда айтып жатыр: «Бізге де осы Дархан сияқты романтик, қамқор жігіттер бұйырсыншы» - деп.

Дархан Жолшыбеков, блогер:

- Негізі қыздар егер де жақсы жігіт қаласаңыздар, өздеріңізден жасап алуға болады негізі.

Baha puper, блогер:

- Күшті ғой, негізі Дархан көп қыздың арманы ғой, мен де Дархан сияқты болғым келеді кейін әйеліме сондай подароктер беріп.

Razziywa & Есентай:

-Әрине, әрине. Дархан ол менің крашым ғой.

Damelya Sweet, блогер:

- Иә аумин, бізге де сондай Дархан бұйырсын.

- Ал қыздар тағы айтып жатыр «Осы Дархан сияқты жігітті қалай жолықтырамыз» деп. Лайфках бар ма?

- Романтик қылған, Даридің өзі иә?

- Мә, әрине мен ондай жігіт емес едім, роматика, гүл. Мен өмірімде көп гүл бермегем. Соңында жылап кетеді Даридің өзі мысалы гүл неге бермейсің деп ше. Мынандай мейрамдарда ғана бересің деп.

Әлішер Қонысбаев, блогер:

- Ондай жігіттер ма? Жүрміз ғой. Кез келген жерден табасыздар ғой.

Daricorn, блогер:

- Ондай жігіттер лайықты қыздарды өздері табады.

Айдана Шалқар, @aiudna

- 25-ке аяқ басқан Даридің bday party-іне конвертке ақшасын, құшағына гүлін толтырып келген қонақтардың саны көп. Дарикорн жаңа жасында түрлі қуанышқа бөленіп, әрдайым ортасында сыйлы болсын деп тілейміз.